О признании утратившим силу решение и структурных элементов некоторых решений Каракиянского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу решение и структурных элементов некоторых решений Каракиянского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38/394
- Қабылданған күні
- 13.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2020 140866_451029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MD004166
- ЭКБ идентификаторы
- 140866
- Редакция идентификаторы
- 140866_451029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:40
0 Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-127 ұсынысының негізінде Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Қуандық) жүктелсін.
3 3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Күші жойылды деп танылатын Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элеметтерінің тізбесі
Қарақия аудандық мәслихатының
2020 жылғы 13 наурыздағы №38/394
шешіміне қосымша
Күші жойылды деп танылатын Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің және кейбір шешімдерінің құрылымдық элеметтерінің тізбесі
1 1. «Біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы №13/107 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-4-77 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 наурызда «Қарақия» газетінде жарияланған).
2
2. «Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы №29/298 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2905 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесінің 2-тармағы.
3
3. «Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы №16/184 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3553 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қосымша болып табылатын Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.