Об утверждении размера базового должностного оклада
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера базового должностного оклада
- Атауы (қаз.)
- Базалық лауазымдық айлықақының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 14.01.2003
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2011 AI14092_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000008_
- ЭКБ идентификаторы
- 14092
- Редакция идентификаторы
- AI14092_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:33
0 Базалық лауазымдық айлықақының мөлшерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.21 № 1359 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық лауазымдық айлықақының мөлшері:
лауазымдық айлықақылар мен әскери атақтар бойынша айлықақыларды, коэффициенттерді қолдана отырып, арнайы атақтар мен сыныптық шендер үшін қосымша ақыларды, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары үшін өтемақыларды;
мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің коэффициенттерді қолдана отырып, лауазымдық айлықақыларын (ставкаларын), сондай-ақ еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақыларын есептеу үшін 5353 теңге деңгейінде белгіленсін.