Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере охранной деятельности

Бұйрық · № 261 · қабылданған 28.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140949/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере охранной деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 261 ·28.03.2020
16.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере охранной деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 261 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере охранной деятельности
Атауы (қаз.)
Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
261
Қабылданған күні
28.03.2020
Көрсетілген редакция
16.02.2025 140949_744355.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020224
ЭКБ идентификаторы
140949
Редакция идентификаторы
140949_744355
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:25

0 Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3 3) «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың

1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

2020 жылғы 28 наурызы
№ 261 бұйрығына
1-қосымша
«Күзет қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтің мынадай кіші түрлері бар:

1 1) күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету;

2 2) террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.

5 5. Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.

6 6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырайды. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.

7-1

7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

8

8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі мәніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жеке тұлғаға қойылатын талаптарды және ішкі істер органдарына сұрау салулар жолдау жолымен тексереді.
Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

9

9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ» АЖ) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

10

10. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» МДБ» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

11

11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» МДБ» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

12

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

13 13. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.

Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

14 14. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1-1 «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың
тізбесі
«Кү­зет қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
1) кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі, оның ішін­де тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту;
2) тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту­ді қо­с­па­ған­да, кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі.
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру:
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz неме­се www.​eli​cens​e.​kz ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бер­ген ке­зін­де – 10 (он) жұ­мыс кү­ні.
Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні.
Ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сын бер­ген ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға Қа­ғи­да­лар­ға 4 және 5-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес кү­зет қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на бе­рі­л­ген ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сы не ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
Пор­тал­да бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
«Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ко­дек­сі­нің 68-та­ра­уы­на сәй­кес кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін 6 (ал­ты) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі – АЕК) кө­ле­мін­де ли­цен­зи­я­лық алым (бұ­дан әрі – ли­цен­зи­я­лық алым) алы­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген төлем­нен ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­ден он пай­ыз кө­ле­мін­де, бі­рақ 4 (төрт) АЕК-тан көп емес мөл­шер­де алы­на­ды.
Ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ал­ған кез­де ли­цен­зи­я­лық алым ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген мөл­шер­ле­ме­ден жүз пай­ыз мөл­ше­рін­де алы­на­ды.
Ли­цен­зи­я­лық алым со­ма­сы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке ли­цен­зи­ар­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған­ға дей­ін тө­ле­не­ді.
Тө­лем екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді, сон­дай-ақ Пор­тал­да тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған соң, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма кү­ні ара­лы­ғын­да са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін, са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ІІМ-нің www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­лас­қан.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) «Кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі, оның ішн­де тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту» қыз­мет­тің кі­ші тү­рі бой­ын­ша ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
мә­лі­мет­тер ны­са­ны­мен тол­ты­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
жал­дап пай­да­ла­ну жағ­дай­ла­рын­да ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған кү­зет пунк­тін ор­на­ла­сты­ру үшін офи­стік үй-жай­дың бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар;
ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ба­қы­лау пуль­ті­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар:
- ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ба­қы­лау пуль­ті қыз­мет­кер­ле­рі­нің бо­луы ту­ра­лы штат­тық ор­на­ла­сты­ру және бұй­рық (тар);
- кү­зе­ті­ле­тін объ­ек­ті­лер­де ор­на­ты­л­ған қа­был­дау-ба­қы­лау ас­пап­та­ры­нан сиг­нал­дар­ды қа­был­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ком­пью­тер­лік тех­ни­ка­ға және ти­іс­ті бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ге, сон­дай-ақ кү­зе­ті­ле­тін объ­ек­ті­лер­ден де­ректер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған мен­шік­ті қор­ғал­ған сер­вер­ге тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма (тү­ген­деу нө­мір­ле­рі, жүк­құ­жат­тар, фис­кал­дық чек­тер неме­се бас­қа құ­жат­тар);
ра­дио­жи­і­лік спек­трін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат не жи­і­лі­гі бар ра­дио­бай­ла­ны­стар­ға або­нент­тік қыз­мет көр­се­ту­ге (жал­ға алу) ар­нал­ған шарт;
штат­тық ор­на­ла­сты­ру және мо­биль­ді топ­тар­ды (же­дел ден қою то­бын) құ­ру және ти­іс­ті қыз­мет­кер­лер­ді ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық (тар);
мо­биль­ді топ­тар­дың (же­дел ден қою топ­та­ры­ның) жү­ріп-тұ­руы­на ар­нал­ған мен­шік құқы­ғын­да­ғы ке­мін­де екі кө­лік құ­ра­лын мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі;
2) «тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту­ді қо­с­па­ған­да, кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі» қыз­мет­тің кі­ші тү­рі бой­ын­ша ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
мә­лі­мет­тер ны­са­ны­мен тол­ты­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
3) ли­цен­зия жо­ғал­ған, бү­лін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­да­ғы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да ға­на көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сын алу үшін жү­гі­не­ді және мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­ке­луі (қай­та тір­ке­луі) ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­сы­нан, ли­цен­зия ту­ра­лы, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бас­шы­сы­ның жо­ғар­ғы заң­гер­лік бі­лі­мі ту­ра­лы (Пор­тал­да­ғы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өті­ніш ке­ліп түс­кен­нен кей­ін 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де жо­ғар­ғы заң­гер­лік бі­лім­ді рас­тай­тын құ­жат­тың (ди­плом) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі та­лап еті­ле­ді), сот­ты­лы­ғы­ның бол­мауы ту­ра­лы, қыл­мыстық және әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ма­ғанды­ғы ту­ра­лы, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бас­шы­сы­ның ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын (Пор­тал­да­ғы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өті­ніш ке­ліп түс­кен­нен кей­ін 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі та­лап еті­ле­ді), пси­хи­ка­лық ден­са­улық са­ла­сын­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар­дан (ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар), мен­шік құқы­ғын­да­ғы жы­л­жы­май­тын мү­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы, ли­цен­зи­я­лық алым­ның, оның ішін­де ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­ге­ні үшін тө­лен­ге­ні ту­ра­лы «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) «Кү­зет қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да осы са­нат­та­ғы субъ­ек­ті­лер үшін тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­суы;
3) же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 30 жел­тоқ­сан­да­ғы № 959 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10371 бо­лып тір­кел­ген) бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Ұлт­тық ком­па­ни­я­ның кү­зет ұй­ы­мын құ­ру­ға ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ли­цен­зия бе­ру­ге ке­лі­сім ха­тын ұсын­ба­уы;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін өті­ніш­ті заң­ды тұл­ға­ның тір­кеу ор­ны бой­ын­ша жол­да­мауы;
7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
9) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­сы негі­зін­де сот­тың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы;
10) заң­ды тұл­ға­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 24-ба­бы­на сәй­кес кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі са­на­ты­на сәй­кес кел­ме­уі;
11) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның экс­тре­мизм­ге, тер­ро­ризм­ге неме­се ұй­ым­дас­қан қыл­мысқа қар­сы іс-қи­мыл же­лі­сі бой­ын­ша же­ке ба­сын си­паттай­тын, ли­цен­зия бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға әсер ете­тін іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­нан сұ­рау са­лу­лар шең­бе­рін­де алын­ған де­ректер бар;
12) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы;
13) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Кү­зет қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЭЦҚ болған жағ­дай­да Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Пор­тал­да «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан кі­ру ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алуы мүм­кін.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.

1-2 Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға/лицензияны қайта ресімдеуге/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

«Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға/лицензияны қайта
ресімдеуге/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға арналған
өтініші
___________________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы)
___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беруді/лицензияны қайта
ресімдеуді/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді сұраймын
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы (лары) ____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
________________________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________________
Телефондар ________________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________________
Банктік шот ________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы,
________________________________________________________________________________
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ________________
Толтыру күні 20 ___ жылғы «___» __________

1.3 Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру/лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу бойынша мәліметтер нысаны

«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшамен
бекітілген
Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру/лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу бойынша мәліметтер нысаны

1 1. Жалпы ақпарат

1) ________________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2) ________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

2 2. Күзет ұйымы басшысының, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері басшыларының біліктілік талаптары туралы мәліметтер

1) ________________________________________________________________________
(мамандығы және біліктілігі)
2) ________________________________________________________________________
(лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғарғы білім туралы дипломның
нөмірі және берілген күні)
3) ________________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
4) ________________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі және күні)
5) ________________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша курстан өткені туралы куәліктің нөмірі және берілген күні)
6) ________________________________________________________________________
(даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының
атауы және заңды мекенжайы)
7) ________________________________________________________________________
(теріс себептер бойынша босатылғаны туралы мәліметтер)
8) ________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12),
15), 16) және 17) тармақшалары бойынша еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер)

3

3. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін жеке күзет ұйымына, сондай-ақ оның филиалдары мен өкілдіктеріне қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер («Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету» қызметтің кіші түрін алған кезде толтырылады)
1) ________________________________________________________________________
(меншік құқығында кеңсе үй-жайдың болуы (ия/жоқ))
2) ________________________________________________________________________
(кеңсе үй-жайға құжаттың кадастрлық нөмірі (меншік құқығында болған жағдайда
толтырылады)
3) ________________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың болуы (ия/жоқ))
4) ________________________________________________________________________
(радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттың нөмірі және күні (болған жағдайда
толтырылады))
5) ________________________________________________________________________
(мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) саны)
6) ________________________________________________________________________
(мобильді топтарға (жедел ден қою топтарына) арналған көлік құралдарын
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің нөмірі мен күні)
7) ________________________________________________________________________
(қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге
рұқсаттың нөмірі мен күні)

4 4. Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу туралы мәліметтер

1) ________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының нөмірі және күні)

5 5. Лицензиялық алымды төлеу

1) ________________________________________________________________________
(сомасы және төлеу туралы түбіртектің нөмірі және күні)

6 6. Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту

1) ________________________________________________________________________
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 464-бабының 2-бөлігі бойынша
лицензия алған кезде көрінеу анық емес (жалған) ақпарат бергені үшін)

1-4 Лицензия

«Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Лицензия
20____ жылғы «___» ___________ №_____________
_________________________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________ айналысуға
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
Ерекше шарттары ________________________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: ________________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ______________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам) ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Алғашқы берілген күні: «____» ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу мерзімі: «____» ____________ _______ ж.
Берілген орны ____________________________

1-5 Лицензияға қосымша

«Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Лицензияға қосымша
Лицензияның нөмірі ____________
Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері) ______________________________________
________________________________________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
Лицензиат ______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Өндiрiстік база және/немесе объект _________________________________________________
(орналасқан жерi)
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары _____________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының
36-бабына сәйкес)
Лицензиар ______________________________________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам) ____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қосымшаның нөмірі __________________
Қолданылу мерзiмi «____» _______________ _____ ж.
Қосымшаның берілген күні ________________ 20 ____ ж.
Берілген орны ________________________

2 «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

2020 жылғы 28 наурызы
№ 261 бұйрығына
2-қосымша
«Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын
айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2

2. «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.

5 5. Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.

6 6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.

7-1

7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

8 8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.

Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

9

9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын әзірлейді (бұдан әрі – Бұйрық), оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мүдделі қызметтеріне құқықтық және редакциялық сараптамаларға жолдайды.

10

10. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшылардың қорытындыларын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде бұйрықты келіседі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қол қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (Бұйрық) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.

11

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

12 12. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.

Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

13 «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

13. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
«Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
12 (он екі) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
«Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» бұйрықтың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін.
7
Жұмыс кестесі
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма күні аралығында сағат
9-00-ден 18-30-ға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен.
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы ІІМ-нің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлінісінің басшысы бекіткен көрсетілетін қызмет алушыда оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың, теориялық сабақтар өткізу үшін үй-жайдың, сондай-ақ дене даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін спорт залдың бар-жоғын растайтын тексеру актісі;
3) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру дағдылары бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттар (еңбек қызметін растайтын құжаттар);
4) көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары;
5) жалдап пайдалану жағдайларында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған атыс тирінің болуын растайтын құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларының жеке басын, заңды тұлғаның жарғысынан, соттылығының жоқтығы туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негіздер бойынша жазадан босатылғаны туралы анықтамаларды; көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар), атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын, санитарлық нормаларға лайықты сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10557 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Порталда «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан кіру режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуы мүмкін.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындауға арналған
өтініші
___________________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы)
___________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді
даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындауды
сұраймын ___________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
____________________________________________________________________________
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта __________________________________________________________
Телефондар _________________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________________
Банктік шот __________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
_____________________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға мемлекеттік
көрсетілетін қызметті беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ____________
Толтыру күні 20 ___ жылғы «___» __________

3 Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау бойынша мәліметтер нысаны

«Уәкілетті органның жеке күзет
ұйымында басшы және күзетші
лауазымдарын атқаратын
жұмыскерлерді даярлау және
біліктілігін арттыру жөніндегі
мамандандырылған оқу
орталығын айқындау»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау бойынша
мәліметтер нысаны
1. Жалпы ақпарат
1) __________________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
2) __________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
3) __________________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
4) __________________________________________________________________________
(құрылтайшының (директордың) Т.А.Ә., ЖСН, азаматтығы)
2. Меншік құқығындағы атыс тирі
1) __________________________________________________________________________
(иә/жоқ)
2) __________________________________________________________________________
(атыс тирі меншік құқығында болған жағдайда кадастрлық нөмірі,
мекенжайы, ауқымы)
3. Рұқсаттардың болуы
1) __________________________________________________________________________
(«Атыс тирін (атыс орны) және стендтерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат
беру» қызметі бойынша рұқсаттың көрсетілетін қызметті алушыда болуын тексеру
(атыс тирі меншік құқығында болған жағдайда))
2) __________________________________________________________________________
(«Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және
тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама» хабарламаның көрсетілетін
қызметті алушыда болуын тексеру)
4. Қоса берілетін құжаттар
1) __________________________________________________________________________
(тексеру актісі, мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттар, оқу бағдарламалары мен
оқу жоспарлары, атыс тирін жалдау шарты (жалдап пайдалану жағдайында))

3 «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

2020 жылғы 28 наурызы
№ 261 бұйрығына
3-қосымша
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті
органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.

5 5. Құжаттарды Портал арқылы тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.

6 6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.

7-1

7-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

8 8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.

Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

9

9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құратын күзет ұйымын құруға, оның ішінде қызметтің жарғылық түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге алдын ала келісімін растау үшін монополияға қарсы органға хат жолдайды.

10

10. Көрсетілетін қызметті беруші монополияға қарсы органнан жауап алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім – хатты әзірлейді, келіседі және басшысы қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.

11

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйенің ақаулығы жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық почтасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизация сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

12 12. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтасыз етеді.

Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысындағы деректер автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

13 «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

13. Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы шағым мен әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
«Ұлттық компанияның
күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz;
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
15 (он бес) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін.
7
Жұмыс кестесі
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма күні аралығында сағат
9-00-ден 18-30-ға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру
сағат 13-00-ден 14-30 дейін түскі үзіліспен
сағат 9-00-ден 17-30 дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы ІІМ-нің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға, оның ішінде қызметтің жарғылық түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжат;
3) «Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35303 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларының 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттар;
4) объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Порталда «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан кіру режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуы мүмкін.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Ұлттық компанияның
күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын
уәкілетті органмен келісуге арналған
өтініші
____________________________________________________________________________
(ішкі істер органдарының толық атауы)
____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын келісуді сұраймын ______________________
____________________________________________________________________________
(қызмет түрінің толық атауы көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
____________________________________________________________________________
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________________
Телефондар __________________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________________
Банктік шот __________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
_____________________________________________________________________________
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға мемлекеттік
көрсетілетін қызметті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.
Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ________________
Толтыру күні 20 ___ жылғы «___» __________

4 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

2020 жылғы 28 наурызы
№ 261 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі

1

1. «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11143 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған);

2

2. «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11132 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 23 шілдеде № 140 (28868) болып жарияланған);

3

3. «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11100 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 23 шілдеде № 140 (28868) болып жарияланған);

4

4. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11368 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған);

5

5. «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11358 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған);

6

6. «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 442 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11352 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған);

7

7. «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 15 наурыздағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы
12 мамырда жарияланған);

8

8. «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15066 болып тіркелген,
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 мамырда жарияланған);

9

9. «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы
30 мамырдағы № 366 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 шілдеде жарияланған);

10 10. «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 441 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

2017 жылғы 30 мамырдағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15279 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы
10 шілдеде жарияланған);

11

11. «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16827 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 мамырда жарияланған);

12 12. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы

19 маусымдағы № 454 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 шілдеде жарияланған);

13 13. «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы

18 қазандағы № 726 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17710 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 қарашада жарияланған);

14 14. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы

8 желтоқсандағы № 895 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17996 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қаңтарда жарияланған);

15

15. «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы
6 наурыздағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18385 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 наурызда жарияланған);

16 16. «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы

6 наурыздағы № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18386 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 18 наурызда жарияланған);

17 17. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы

8 мамырдағы № 442 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18423 болып тіркелген,
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 сәуірде жарияланған);

18

18. «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 442 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18543 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 сәуірде жарияланған).

Қолданыстағы