Об утверждении правил и размера оказания социальной помощи по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил и размера оказания социальной помощи по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района
- Атауы (қаз.)
- Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37/339
- Қабылданған күні
- 27.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2024 141008_694154.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KQ005779
- ЭКБ идентификаторы
- 141008
- Редакция идентификаторы
- 141008_694154
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:25
0 Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің қоса беріліп отырған қағидалары және мөлшері бекітілсін.
2
2. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/166 «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4684 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірдегі №16 (10688) «Шет шұғыласы" газетінде, 2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылсын.
3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшері
Шет аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 27 наурызы
№ 37/339
шешіміне қосымша
Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету қағидалары мен мөлшері
1 1. Осы қағидалар Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2
2. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) жыл сайын жылына бір рет 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.