Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии

Бұйрық · № ҚР ДСМ-20/2020 · қабылданған 27.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141011/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-20/2020 ·27.03.2020
15.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-20/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-20/2020
Қабылданған күні
27.03.2020
Көрсетілген редакция
15.04.2025 141011_754114.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020255
ЭКБ идентификаторы
141011
Редакция идентификаторы
141011_754114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:27

0 Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________Р. Дəленов
2019 жылғы «____» ___________

0 Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-20/2020
бұйрығына қосымша
Мемлекеттік монополия субъектісі
жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық
тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес), сондай-ақ дәрілік заттардың биобаламалылығына өткізілген сынақтардың биоталдамалық бөлігіне зерттеулер жүргізу.

2 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясын және Еуразиялық экономикалық одақтың фармакопеясын, олардың жеке томдарының немесе жеке фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) әзірлеу және өзектілендіру.

3 3. Дәрілік заттар мен дәрілік препараттардың бөгде қоспаларының стандартты үлгілері бойынша Республикалық банкін және дерекқор банкін жүргізу.

4

4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тиісті зертханалық практикасы (GLP), тиісті клиникалық практикасы (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP) талаптары сәйкестігіне фармацевтикалық инспекция жүргізу, медициналық бұйымдар инспекциясын жүргізу, дәрілік заттың тіркеу куәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалау жүйесінің инспекциясын және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеуді жүргізу.

5 5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны белгілеуді жүргізу.

6

7 7. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы жөніндегі оқыту іс-шараларын өткізу, cондай-ақ мамандандырылған журналды басып шығару.

8 8. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтарды, қаптама макеттерін қазақ тіліне аударуды жүзеге асыру.

9 9. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ құрамында дәрілік заттардың бар-жоғын анықтау мақсатында биологиялық белсенді қоспаларды, косметикалық заттарды сынауды жүзеге асыру.

10 10. Өнімнің медициналық бұйымдарға жататындығына сараптаманы жүзеге асыру.

11 11. Әртүрлі медициналық техниканы өндірушілердің кемінде екі моделінің техникалық сипаттамаларымен техникалық ерекшеліктің функционалдық параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізу.

Қолданыстағы