Об утверждении Правил регистрации местными исполнительными органами договоров участия в жилищно-строительном кооперативе Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 27 наурыздағы № 159 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-2-бабының 10-18) тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) атқарушы орган-тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқармасы (төрағасы).
Тармақша 2
2) пай жарнасы – бұл тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің көп пәтерлі тұрғын үйдің барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының жалпы алаңына пәтер ауданына бара-бар көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына инвестицияланатын тұрғын үй-құрылыс кооперативі шығындарының сомасына сәйкес келетін пәтерді салу (құрылысты қаржыландыру) құны мөлшерінде жарнасы және ол пәтер салуға жұмсалған барлық шығындардың құнын, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша инвестициялық жобаны ұйымдастыру жөніндегі қызметтің құнынын қамтиды. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне берілетін пәтер не тұрғын емес үй-жай немесе тұрақ орны тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пай деп танылады;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;
Тармақша 4
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;
Тармақ 3
3. «Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты www.qazreestr.kz Жүйесінің операторына және Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Бірыңғай байланыс орталығына 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді көрсету тәртібі
2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеуді көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін пайшымен тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны электрондық нысанда тіркеу үшін өтінімді ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz.жүйесі арқылы Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінімі пайшымен жасалған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын, пайшының дербес деректерін және сатып алынған пай туралы мәліметтерді қамтиды. Көрсетілетін қызметті алушы пайшының дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Жүйе тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу үшін өтінімді ол жөнелтілген күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтінім демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүйеге келіп түскен жағдайда, өтінімді тіркеу жүйеде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетілген жүйеде өтінімді тіркеу туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушыға жүйедегі есептік жазба арқылы ұсынылады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйеде мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының электрондық көшірмесін есепке қою кезінде – көрсетілетін қызметті беруші өтінімді Жүйеде тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Шарттың электрондық көшірмесін Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларының және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 180 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысының талаптарына сәйкестігін тексеру. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20346 болып тіркелген), сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі пайға үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысудың электрондық шартын есепке қою кезінде – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде автоматтандырылған жүйемен жүзеге асырады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу электрондық шартының Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларының және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 180 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысының талаптарына сәйкестігін тексеру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20346 болып тіркелген), сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі пайға үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуы мәніне тексеру.
Тармақ 9
9. Тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын жүйеде тіркеуді жүзеге асырады не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу үшін жүйеде өтінімді қайта жібереді.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу кезінде Қызмет беруші қол қояды, ал Жүйе автоматты түрде қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көрсетілген пайшының электрондық поштасына тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірмені жібереді. Пайшыда электрондық пошта болмаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын тіркеу туралы үзінді көшірменің тиісті жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге де тәсілдермен пайшыға ұсынады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 16
16. Егер Мемқызметтер туралы Заңында өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер Мемқызметтер туралы Заңында жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті кері қайтарып алумен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның дәлелді ұстанымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынады.
Басқа 1.1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу көшірмесі
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу көшірмесі Тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­ві ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік және заң­ды/нақ­ты ме­кен­жайы) Құ­ры­лыс объ­ек­ті­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ор­на­лас­қан же­рі, объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы) Құ­ры­лы­стың ба­ста­лу және аяқ­та­лу мер­зім­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су шар­ты­ның нө­мі­рі және кү­ні Пай ту­ра­лы де­ректер Тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­ві мү­ше­сі­нің пай­ла­ры­ның са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Шар­тқа өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы де­ректер (нө­мі­рі және кү­ні) Шар­тты тоқ­та­ту (нө­мі­рі, кү­ні, негіз­де­ме­сі) 1 2 3 4 5 6 7 8 Басшы _____________ ______________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Үзінді жергілікті атқарушы органның елтаңбасы бар мөрмен бекітіледі
Басқа 1.2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй- құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларына 2-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су шар­тта­рын тір­кеу 2 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­ның, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры 3 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уын Жоқ 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі – www.​qaz​rees​tr.​kz тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың және ре­но­ва­ци­лау шең­бе­рін­де тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­дың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (бұ­дан әрі – Жүйе) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі 1) тұр­ғын үй-құ­ры­лыс ко­опе­ра­ти­віне қа­ты­су шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін есеп­ке қою – (бұ­дан әрі – Шарт) – өті­нім Жүй­е­де тір­кел­ген күн­нен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де; 2) элек­трон­дық шар­тты есеп­ке қою – Жүй­е­де өті­нім ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де; 3) шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді және та­лап ету құқық­та­рын бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою және шы­ға­ру шар­тты есеп­ке қою рә­сі­міне ұқсас жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 7 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­ні көр­се­те оты­рып, Шар­тты есеп­ке қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жол­дау 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі те­гін 9 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін Аста­на қа­ла­сы­ның уа­қы­ты бой­ын­ша са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін; 2) Жүйе – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) Шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін неме­се элек­трон­дық Шар­тты есеп­ке қою ке­зін­де – Шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се элек­трон­дық Шарт; 2) Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер­ді неме­се та­лап ету құқық­та­рын бе­ру ту­ра­лы шар­ттар­ды есеп­ке қою ке­зін­де – Шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім неме­се та­лап ету құқы­ғын бе­ру ту­ра­лы шарт; 3) Тоқ­та­ту неме­се есптен шы­ға­ру ке­зін­де – пай­шы­ның жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­та­ры­ның мем­ле­кет­тік тір­кел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат неме­се шар­ттың бұ­зы­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат. 11 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­дың құ­ра­мын­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған жағ­дай­да; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бо­лып, со­ның негі­зін­де Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы. 5) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы. 12 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін – Жүйе ар­қы­лы Шар­ттың есеп­тік жа­з­ба­сы ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме­ні элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар. ».