Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера
- Атауы (қаз.)
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 06.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2020 141081_452502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BA007788
- ЭКБ идентификаторы
- 141081
- Редакция идентификаторы
- 141081_452502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:13
0 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Көкшетау қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кезектен тыс қалалық комиссияның жедел отырысының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 2 хаттамасының негізінде, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Көкшетау қаласының Вернадский 11 көшесі бойынша орналасқан тұрғын үй ғимаратында авариялық жағдайдың туындау қауіпіне байланысты объектіде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев тағайындалсын.
3 3. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев екі айдың ішінде тұрғын үйді алуға мұқтаж азаматтардың түпкілікті тізімдерін құрастырсын.
Тұрғын үйді алуға мұқтаж азаматтардың түпкілікті тізімдерін құрастыруды аяқтаған соң төтенше жағдайдың нәтижесінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылсын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген барлық қажетті рәсімдерді есепке ала отырып, қажетті тұрғын үйді пайдалануға енгізу есебімен азаматтарды көшірудің мерзімін анықтасын.