Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг Дорожной карты занятости местным исполнительным органом Алматинской области

Қаулы · № 146 · қабылданған 06.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141111/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг Дорожной карты занятости местным исполнительным органом Алматинской области Қолданыста Қаулы ·№ 146 ·06.04.2020
06.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг Дорожной карты занятости местным исполнительным органом Алматинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 146 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг Дорожной карты занятости местным исполнительным органом Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысының жергілікті атқарушы органының Жұмыспен қамту жол картасының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
146
Қабылданған күні
06.04.2020
Көрсетілген редакция
06.04.2020 141111_451762.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20D0005448
ЭКБ идентификаторы
141111
Редакция идентификаторы
141111_451762
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:12

0 Алматы облысының жергілікті атқарушы органының

Жұмыспен қамту жол картасының мемлекеттік бағалы
қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы
мақсатын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 154 қаулысының 15 - тармағына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.  Алматы облысының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттары:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы - 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі - төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде айқындалған Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған Алматы облысының жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемі - 78 820 000 000 (жетпіс сегіз миллиард сегіз жүз жиырма миллион) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты - төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде айқындалған Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру.

2 2. «Алматы облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы қаулы Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы