Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 03.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 141129_499366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UE005545
- ЭКБ идентификаторы
- 141129
- Редакция идентификаторы
- 141129_499366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:15
0 Мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі №116 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4994 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырында «Шаян» газетінде және 2019 жылғы 24 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Бәйдібек ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2020 жылғы ____________
№____қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Бәйдібек ауданы әкімдігінің Бәйдібек аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі
64
2
1
2
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Ж.Жүнісбеков атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
70
2
1
3
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
65
2
1
4
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Кеңсай жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
70
2
1
5
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қаратау жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
69
2
1
6
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Майбұлақ жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
67
2
1