О признании утратившими силу некоторых решений Таразского городского маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Таразского городского маслихата
- Атауы (қаз.)
- Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 55-6
- Қабылданған күні
- 27.03.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 141139_452031.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GA004544
- ЭКБ идентификаторы
- 141139
- Редакция идентификаторы
- 141139_452031
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:25
0 Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Тараз қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі
Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-6
шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған
шешімдердің тізбесі
1
1. «Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы №11-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда №3252 болып тіркелген, электрондық түрде 2016 жылдың 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2
2. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы №31-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 6 маусымда №3852 болып тіркелген, электрондық түрде 2018 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3
3. «Тараз қаласы бойынша біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 тамыздағы №34-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 22 тамызда №3930 болып тіркелген, электрондық түрде 2018 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).