Құжат мәтініне өту

Об установлении предельных цен на розничную реализацию сжиженного нефтяного газа для заправки автотранспорта на автогазозаправочных станциях

Бұйрық · № 125 · қабылданған 03.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141163/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении предельных цен на розничную реализацию сжиженного нефтяного газа для заправки автотранспорта на автогазозаправочных станциях Қолданыста Бұйрық ·№ 125 ·03.04.2020
01.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении предельных цен на розничную реализацию сжиженного нефтяного газа для заправки автотранспорта на автогазозаправочных станциях

Қолданыста Бұйрық ·№ 125 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении предельных цен на розничную реализацию сжиженного нефтяного газа для заправки автотранспорта на автогазозаправочных станциях
Атауы (қаз.)
Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
125
Қабылданған күні
03.04.2020
Көрсетілген редакция
01.03.2021 141163_511082.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020293
ЭКБ идентификаторы
141163
Редакция идентификаторы
141163_511082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:13

0 Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары (бұдан әрі – шекті бағалар) белгіленсін.

2

2. Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар аумағында осындай өткізу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) апта сайын, аптаның әрбір бейсенбісінен кешіктірмей ұсынсын.

3

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары апта сайын жұма күндері осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ұсынсын.

4

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мәліметтердің негізінде осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған жағдайда, нұсқамалар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартсын.

5 5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика және ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

7 7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.

0 Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары

2020 жылғы 3 сәуірі № 22 мен
2020 жылғы 3 сәуірі № 125
бірлескен бұйрыққа қосымша
Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары

Атауы
Тауар нарығының географиялық шекаралары
Шекті баға (ҚҚС-ты есепке алғанда)
1.
Сұйытылған мұнай газы
Нұр-Сұлтан қ.
70 тг/л
2.
Алматы қ.
69 тг/л
3.
Ақтөбе облысы
54 тг/л
4.
Атырау облысы
53 тг/л
5.
Ақмола облысы
57 тг/л
6.
Алматы облысы
70 тг/л
7.
Шығыс Қазақстан облысы
68 тг/л
8.
Жамбыл облысы
64 тг/л
9.
Батыс Қазақстан облысы
68 тг/л
10.
Қостанай облысы
65 тг/л
11.
Қызылорда облысы
60 тг/л
12.
Қарағанды ​​облысы
73 тг/л
13.
Маңғыстау облысы
50 тг/л
14.
Павлодар облысы
63 тг/л
15.
Солтүстік Қазақстан облысы
65 тг/л
16.
Түркістан облысы
57 тг/л
17.
Шымкент қ.
55 тг/л

Қолданыстағы