Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68/2
- Қабылданған күні
- 07.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2020 141185_453492.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20P0006795
- ЭКБ идентификаторы
- 141185
- Редакция идентификаторы
- 141185_453492
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:10
0 Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» № 126 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарықтағы айналымы үшін оларды шығаруының келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттары:
мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым мерзімі – 10-12 жыл;
сыйақының пайыздық мөлшерлемесі – жылына 6,1%;
мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша купондарды төлеу мемлекеттік бағалы қағаздар айналымы сәтінен бастап бір жыл өткеннен кейін жылына бір рет жүргізіледі;
негізгі қарызды өтеу айналым мерзімі аяқталғаннан кейін бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі;
2 2) көлемі – 31 150 000 000 (отыз бір миллиард жүз елу миллион) теңге;
3 3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде анықталған Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру.
2 2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды қамтамасыз етсін.