Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Өзге акт · № 30 · қабылданған 08.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141240/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Қолданыста Өзге акт ·№ 30 ·08.04.2020
08.04.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Қолданыста Өзге акт ·№ 30 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30
Қабылданған күні
08.04.2020
Көрсетілген редакция
08.04.2020 141240_452424.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20BA007790
ЭКБ идентификаторы
141240
Редакция идентификаторы
141240_452424
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:08

0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Көкшетау қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кезектен тыс қалалық комиссияның жедел отырысының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 3 хаттамасының негізінде, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көкшетау қаласының Вернадский 11 көшесі бойынша орналасқан тұрғын үй ғимаратында авариялық жағдайдың туындау қауіпіне байланысты Көкшетау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2

2. Көкшетау қаласы әкімінің «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7788 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев тағайындалсын.

4 4. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев екі айдың ішінде тұрғын үйді алуға мұқтаж азаматтардың түпкілікті тізімдерін құрастырсын.

Тұрғын үйді алуға мұқтаж азаматтардың түпкілікті тізімдерін құрастыруды аяқтаған соң төтенше жағдайдың нәтижесінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша комиссия құрылсын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген барлық қажетті рәсімдерді есепке ала отырып, қажетті тұрғын үйді пайдалануға енгізу есебімен азаматтарды көшірудің мерзімін анықтасын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6 6. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылдың 7 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

7 7. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы