Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 07.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2024 141273_715188.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20Z0006131
- ЭКБ идентификаторы
- 141273
- Редакция идентификаторы
- 141273_715188
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:11
0 Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;