Об утверждении Правил установления мемориальных досок
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления мемориальных досок
- Атауы (қаз.)
- Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 02.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2025 141317_755517.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020310
- ЭКБ идентификаторы
- 141317
- Редакция идентификаторы
- 141317_755517
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:17
0 Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын
бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған мемориалдық тақталар орнату қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мемориалдық тақталар орнату қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 2 сәуірі
№ 77
Бұйрықпен бекітілген
Мемориалдық тақталар орнату
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Мемориалдық тақталар орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемориалдық тақталар орнату тәртібін айқындайды.
2 2. Мемориалдық тақта – аса көрнекті тұлға немесе айшықты оқиға туралы ақпарат қамтылатын, ғимараттар мен құрылысжайлардың қасбеттеріне орнатылатын, мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалатын тақтайша.
2 2-Тарау. Мемориалдық тақталар орнату тәртібі
3 3. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсаттар негізінде орнатылады.
4 4. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлға өмір сүрген, қызмет жасаған немесе болған, айрықша оқиға болған ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
5 5. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлғаның 10 жылдан астам ғимаратта немесе құрылыста тұру, жұмыс істеу, болу және онда болған айрықша оқиға фактісі расталған кезде орнатылады.
Мемориалдық тақталар қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап 5 жыл өткен соң орнатылады.
Мемориалдық тақталарды орнату «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады.
Бір елді мекенде бір аса көрнекті тұлғаға немесе айрықша оқиғаға бір мемориалдық тақта ғана орнатылады.
6 6. Мемориалдық тақталар екі метрден төмен емес биіктікте орнатылады және 50 х 80 сантиметрден аспайтын көлемде жасалады.
7
7. Мемориалдық тақтаның мәтіні аса көрнекті тұлға туралы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өмір сүру кезеңі, қызмет саласы, сіңірген еңбегі) мәліметтерді және айрықша оқиға туралы (күні, орны, сипаттама) мәліметтерді, сонымен қатар қажеттілік болған жағдайда тұлғаның портреттік бейнесін және декоративтік элементтерді құрайды.
1 Күші жойылған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 2 сәуірі
№ 77
Бұйрығына қосымша
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігінің бұйрығы және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1
1. «Мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 14 желтоқсанда 12405 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. «Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 8 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17507 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3
3. «Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 138 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесінің 3 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 17 мамырда № 18690 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).