Об установлении минимального и максимального пределов основного вознаграждения банкротного управляющего
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении минимального и максимального пределов основного вознаграждения банкротного управляющего
- Атауы (қаз.)
- Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шегін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 344
- Қабылданған күні
- 01.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2020 141419_453588.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020321
- ЭКБ идентификаторы
- 141419
- Редакция идентификаторы
- 141419_453588
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:18
0 Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шегін белгілеу туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегі – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 (екі) ең төменгі жалақы мөлшерінде;
2 2) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең жоғары шегі – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 3 (үш) ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
2
2. «Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 265 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15134 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 мамырда «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде» ақпараттық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.