Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества

Бұйрық · № 362 · қабылданған 07.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141481/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества Қолданыста Бұйрық ·№ 362 ·07.04.2020
17.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества

Қолданыста Бұйрық ·№ 362 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере учета государственного имущества
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
362
Қабылданған күні
07.04.2020
Көрсетілген редакция
17.06.2024 141481_706947.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020342
ЭКБ идентификаторы
141481
Редакция идентификаторы
141481_706947
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:10

0 Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

2

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірі
№ 362
бұйрыққа
1-қосымша
«Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 24) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау және Қағидаларға 1-қосымшаның 2-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрауды (бұдан әрі – сұрау) салады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

4 4. Сұрау www.e-qazyna.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталда автоматты түрде тіркеліп, 10 (он) минуттан артық емес өңделеді.

5 5. Сұрауды өңдеудің нәтижесінде қарау режимінде келесі ақпарат қалыптастырылады:

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу «электрондық үкімет»

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын қателіктің нақты уақытын көрсете отырып, sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сауал жолдау арқылы хабардар етеді.

7

7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.
Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданған көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, ол оны шағымды қарайтын органға жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.

10 10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

11 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына cәйкес жүгінеді.

1.1 Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-
саттыққа қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
1-нысан
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

1 1. «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі» (бұдан әрі – БСН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

тең;
тең емес;
кіреді;
кірмейді;
қамтиды;
басталады;
аяқталады.
және «Берілмеген» жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

2 2. «Атауы (орыс тілінде)» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

тең;
тең емес;
кіреді;
кірмейді;
қамтиды;
басталады;
аяқталады;
сөздерді қамтиды.
және «Берілмеген» жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

3 3. «Ұйымдық-құқықтық нысан» (бұдан әрі – ҰҚН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ);
мемлекеттік мекеме;
жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ЖМК);
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ШМК);
еншілес кәсіпорын (бұдан әрі – ЕК);
басқа да коммерциялықұйымдар;
басқа да коммерциялықемесұйымдар;
өкілдік;
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС);
филиал.

4 4. «Бұғаттау» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) белсенді;

2 2) қашықтағы.

5 Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

5. «Аумақ» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
Қазақстан:
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Алматы қаласы;
Астана қаласы;
Шымкент қаласы;
Атырау облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Абай облысы;
Жетісу облысы;
Ұлытау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы.
2-нысан
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

1 1. Объектіні қарау кезінде

1 1) объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:

объектінің сәйкестендіргіші;
БСН;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – КҰЖЖ);
атауы (орыс тілінде).

2 2) қосымша мәліметтер:

атауы (қазақ тілінде);
ҰҚН;
меншік нысанының коды (бұдан әрі – МНК (4-деңгей);
МНК;
қаржыландыру көзі;
мемлекеттік тіркеу №;
мемлекеттік тіркеу күні;
алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;
мәртебесі;
бұғаттау;
мемлекеттік басқару органы;
меншік иесі;
сала (1-деңгей);
сала (4-деңгей).

3 3) қосымша:

байланыстар:
бірінші басшы;
бас бухгалтер;
ел;
индекс;
облыс;
аймақ;
елді мекен, үй, пәтер;
телефон;
факс;
е-mail;
веб-сайт.

4 4) мекенжай тіркелімі

мекен жайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК);
республика;
облыс;
аудан;
ауылдық округ;
ауыл (село);
көше;
мекенжай.

5 5) тәуелді ұйымдар:

бағынысты;
құрылған.

6 6) жарғылық капитал

жарғылық капитал, теңге (АҚ, ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);
мемлекеттік салым, теңге;
мемлекеттік қатысу, %;
мемлекеттік пакет, дана (тек АҚ үшін);
тіркеуші;
бос салымы, теңге;
бос акциялар, дана (тек АҚ үшін);
акцияларға ауыртпалық салынды, дана (тек АҚ үшін).

7 7) негізгі сәйкестендіргіштер;

8 8) мемлекеттiк кәсiпкерлiк

мәртебесі;
бұғаттау;
жоспарлы күні;
іс жүзіндегі күні;
ескертпе;
жарғы бойынша қызмет түрі;
сала коды («Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
сала («Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);
келісілген күні;
шығару күні.

9 9) сыртқы интеграциялары:

жылжымайтын мүлік объектілері:
объектінің түрі;
қор;
жер учаскесінің алаңы (гектар);
қабат саны;
пайдалы алаң (шаршы метр);
құрылыс алаңы (шаршы метр);
объектінің облысы;
объектінің ауданы;
құқықтүрі;
жылжымайтын мүлік типі;
функционалдық мақсаты;
мекенжайы;
объектінің кадастрлық нөмірі;
бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі;
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
кадастрлық нөмір;
жаңартылған күні;
пайдалануға берілген жылы;
салық салынатын құн (теңге);
операция күні;
ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтер;
тыйым салудың болуы туралы мәліметтер.

10 10) электрондық деректеме

аудиторлық есептер;
қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттар;
өзге де құжаттама;
басқару органдарының шешімдері;
құрылтай құжаттары.

11 11) есептер:

АҚ, ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуы бойынша есеп;
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп;
Мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынылатын акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есеп;
ұйымдардың сыртқы және ішкі қарыздарды тартуы туралы тоқсан сайынғы ақпарат;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыз алуы және оны өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.

1.2 Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрау

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрау

1 1. «Жекешелендіру объектісінің типі» өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ);

2 2) үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС);

3 3) мүліктік кешен;

4 4) машиналар мен жабдық;

5 5) жылжымайтын мүлік;

6 6) жылжымайтын мүлік (аяқталмағанқұрылыс);

7 7) өзгелер;

8 8) көлік.

2 2. «Бұғаттау» өлшем шарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және сұрау жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) жекешелендірілуде;

2 2) жекешелендірілген;

3 3) алынып тасталған.

3 3. «Меншік нысанының коды»(бұдан әрі – МНК) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

кіреді;
кірмейді.
және «Берілмеген» жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

1 1) республикалық меншік;

2 2) коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);

3 3) коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);

4 4) коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

5 5) «Қазарнаулыэкспорт» шаруашылық жүргізу құқұғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.

1.3 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен

ақпарат беру (мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін
сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
1
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­мі­нен ақ­па­рат бе­ру (мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­дің, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сі; Мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін са­уда-сат­тық­қа қою кесте­сіне ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат пен ма­те­ри­ал­дар)
12
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік мү­лік және же­ке­ше­лен­ді­ру ко­ми­те­ті
23
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
34
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) ми­нут
45
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лы­ғы­мен ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
56
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­дің, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сі;
мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін са­уда-сат­тық­қа қою кесте­сіне ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат пен ма­те­ри­ал­дар.
67
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
78
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс күн­де­рі мен ме­ре­ке күн­де­рін са­на­ма­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін бел­гі­лен­ген кесте­ге сәй­кес түс­кі ас­қа са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 18.30-ға дей­ін.
3) Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы – күн сай­ын са­ғат 9.00-ден 21.00-ге дей­ін.
89
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­дің, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың тіз­бе­сін алу­ға;
Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер қа­ра­у­ға;
Мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін са­уда-сат­тық­қа қою кесте­сіне ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы ақ­па­рат пен ма­те­ри­ал­дар­ды алу­ға ар­нал­ған сұ­рау.
910
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Жоқ
111
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

1.4 Мемлекетбақылайтынакционерлікқоғамдар мен жауапкершілігішектеулісеріктестіктердің, сондай-ақмемлекеттікзаңдытұлғалардыңтізбесі

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
Мемлекетбақылайтынакционерлікқоғамдар мен жауапкершілігішектеулісеріктестіктердің, сондай-ақмемлекеттікзаңдытұлғалардыңтізбесі
БСН
Атауы
ҰҚН
Сала
(1-деңгей)
Сала
(4-деңгей)
Толық мекенжайы
Мемлекеттік қатысуы, %
Мәртебесі
1
2
3
4
5
6
7
8
Ескертпе:
БСН –бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ҰҚН – ұйымдық-құқықтық нысан

1.5 Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар

1 1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде

1.1 1.1. Объект бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

1 1) объектінің сәйкестендіру нөмірі;

2 2) жекешелендіру объектісінің типі:

акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ);
үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС);
мүліктіккешен;
машиналар мен жабдық;
жылжымайтын мүлік;
жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
өзгелер;
көлік;

3 3) сатушы;

4 4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;

5 5) объектінің мәртебесі:

жекешелендірілуде;
белсенді емес;
жекешелендірілген;
сауда-саттықтаналынған;

6 6) объектіні бұғаттау:

еркін;
алып қоюға жатады;

7 7) меншік нысанының коды (бұданәрі – МНК):

республикалық;
коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);
коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);
коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

8 8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің типіне қарай).

1.2 1.2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:

1 1) бағалаушының атауы;

2 2) есептің нөмірі;

3 3) есептің күні;

4 4) бағалау құны, теңге;

5 5) бағалау күні.

1.3 1.3. Объект бойынша құжаттар беттерге таратылған, «объектінің электрондық деректеріне» енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:

1 1) объектінің құжаттары;

2 2) жер бойынша құжаттар;

3 3) фотоальбом.

2 2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі – МББ) жарияланған жекешелендіру объектісін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламалар жөніндегі ақпаратты қарап шығу кезінде

2.1 2.1. МББ-ның атауы.

2.2 2.2. Жарияланымның нөмірі мен күні.

2.3 2.3. Сауда-саттық өткізудің күні мен уақыты.

2.4 2.4. Сауда-саттық нысаны.

2.5 2.5. Сауда-саттық түрі.

2.6 2.6. Кепілдік жарна.

2.7 2.7. МББ-да жарияланған хабарландырудың мәтіні:

1 1) мемлекеттік тілде;

2 2) орыс тілінде.

3 3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде

3.1 3.1. Сауда-саттық нысаны:

1 1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);

2 2) тікелей атаулы сатылым;

3 3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);

4 4) қор биржасы.

3.2 3.2. Сауда-саттықтың әдісі.

3.3 3.3. Қосымша шарттар.

3.4 3.4. Сауда-саттықтың күні мен уақыты.

3.5 3.5. Алғашқы баға, теңге.

3.6 3.6. Кепілдік жарна, теңге.

3.7 3.7. Өсу/төмендеу коэффициенті.

3.8 3.8. Бастапқы баға, теңге.

3.9 3.9. Ең төменгі баға, теңге.

3.10 3.10. Сауда-саттық мәртебесі:

1 1) өткізілген жоқ;

2 2) болмайды;

3 3) өткізілді;

4 4) сауда-саттық күтілуде.

2 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі
№ 362 бұйрығына
2-қосымша
«Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 24) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жалға алу келісім-шарттың нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін портал арқылы сұрау (бұдан әрі – сұрау) салады және куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған кезде, бір рет қолданылатын пароль арқылы қолын қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.

4 4. Сұрау www.e-qazyna.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталда автоматты түрде тіркеліп, 10 (он) минуттан артық емес өңделеді.

5 5. Сұрауды өңдеудің қорытындысы бойынша қарау режимінде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1 немесе 2-нысандарына сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат қалыптастырылады.

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын қателіктің нақты уақытын көрсете отырып, sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау жолдау арқылы хабардар етеді.

7

7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.
Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданған көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, ол оны шағымды қарайтын органға жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдаған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.

10 10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

11 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына cәйкес жүгінеді.

2-1 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

1-қосымша
Нысан
Ұйымдарды іздеу өлшем шарттары
1-қадам. Деректерді толтыру:

1 1) жалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН);

2 2) шарттың нөмірі.

2-қадам. Электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) немесе бір рет қолданылатын парольдің көмегі арқылы қол қою:

1 1) ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу.

3-қадам. Сұрау салудың нәтижесі (экранға шығару):

1 1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;

2 2) сұрау салу нөмірі;

3 3) қызметтің типі;

4 4) сұрау салудың мәртебесі.

Сұрауды өңдеудің қорытындысы бойынша қарау режимінде мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат қалыптастырылады.

2-2 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен

мемлекеттік мүлікті жалға алушыға
онымен жасалған жалдау шарты
бойынша шарттың талаптары,
осындай шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен бюджетке аударылған
төлемдер бойынша мәліметтермен
бірге ақпарат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
1
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­мі­нен мем­ле­кет­тік мү­лік­ті жал­ға алушы­ға оны­мен жа­сал­ған жал­дау шар­ты бой­ын­ша шар­ттың та­лап­та­ры, осын­дай шарт бой­ын­ша есеп­те­улер, өсім­пұл мен бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған тө­лем­дер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­мен бір­ге ақ­па­рат бе­ру
2
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік мү­лік және же­ке­ше­лен­ді­ру ко­ми­те­ті
3
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) ми­нут
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лы­ғы­мен ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік мү­лік­ті жал­ға бе­ру ту­ра­лы шарт бой­ын­ша ақ­па­рат
7
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс күн­де­рі мен ме­ре­ке күн­де­рін са­на­ма­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін бел­гі­лен­ген кесте­ге сәй­кес түс­кі ас­қа са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 18.30-ға дей­ін.
3) Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы – күн сай­ын са­ғат 9.00-ден 21.00-ге дей­ін.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік мү­лік­ті жал­ға алушы­ға оны­мен жа­сал­ған жал­дау шар­ты бой­ын­ша шар­ттың та­лап­та­ры, осын­дай шарт бой­ын­ша есеп­те­улер, өсім­пұл мен бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған тө­лем­дер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­мен жал­ға алу шар­ты­ның нө­мі­рі және же­ке тұл­ға үшін - же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, заң­ды тұл­ға үшін – биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­ті көр­се­те оты­рып, ақ­па­рат алу үшін сұ­рау.
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Жоқ
11
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы бо­луы неме­се пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­рі тір­кел­ген және қо­сы­л­ған кез­де бір рет қол­да­ны­ла­тын па­роль­ді пай­да­ла­ну шар­тын­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

2-3 «Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

3-қосымша
1-Нысан
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Ақпаратты алатын күні мен уақыты:
Құрметті мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН)/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мыналар тіркелген:

1 1) шарт және мемлекеттік мүлік бойынша мәліметтер:

Шарт типі: мүліктік жалға алу (жалдау)
Жалға беруші:
БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары
Баланс ұстаушы:
БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары
Жалдаушы:
БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс телефондары
Шарттың нөмірі мен күні:
Мемлекеттік мүлік типі:
Көлік не ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат не жабдық немесе басқалар
Жалға алу кезеңі:
Жалға алу объектісі:
Мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

2 2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:

Есептеу күні
Есептелді, теңге
Мерзімі өткен күндер саны
Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы Х мерзімі өткен күндер саны)
Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге
Төлем күні
Барлығы есептелді:
жалдау ақысы, теңге: _________
өсімпұл, теңге: _________
мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________
төлемге жиыны, теңге: _________
2-Нысан
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Ақпаратты алатын күні мен уақыты:
Сіз тапсырған іздестіру өлшемшарттары бойынша: шарттың № - ____ және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорларында мәліметтер табылған жоқ.
Ескертпе:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
*Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат мәліметтер болған кезде қалыптастырылады;
**Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат мәліметтер болмаған кезде қалыптастырылады.

3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары- Қаржы министрінің
2020 жылғы 7 сәуірі
№ 362 бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1 1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2 2. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11483 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3 3. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы
28 қаңтардағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13344 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 наурызда жарияланған).

4 4. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы
19 ақпандағы № 74 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13490 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған).

5 5. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 484 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14326 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 қазанда жарияланған).

6 6. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы
15 желтоқсандағы № 727 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16235 болып тіркелген,
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 қантарда жарияланған).

7 7. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
31 қаңтардағы № 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16341 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы
19 ақпанда жарияланған).

8 8. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
9 сәуірдегі № 449 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16846 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы
3 мамырда жарияланған).

9 9. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
1 маусымдағы № 559 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17091 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы
25 маусымда жарияланған).

10 10. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы
10 қаңтардағы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18184 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы
17 қаңтарда жарияланған).

11 11. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 963 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 19359 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған).

Қолданыстағы