Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 144
- Қабылданған күні
- 14.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2021 141563_514142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20N0009112
- ЭКБ идентификаторы
- 141563
- Редакция идентификаторы
- 141563_514142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:02
0 Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге облыстың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;