Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Согласование проектной документации на строительство, расширение, реконструкцию, модернизацию, консервацию и ликвидацию опасных производственных объектов»

Бұйрық · № 189 · қабылданған 08.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141598/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Согласование проектной документации на строительство, расширение, реконструкцию, модернизацию, консервацию и ликвидацию опасных производственных объектов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 189 ·08.04.2020
28.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Согласование проектной документации на строительство, расширение, реконструкцию, модернизацию, консервацию и ликвидацию опасных производственных объектов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 189 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Согласование проектной документации на строительство, расширение, реконструкцию, модернизацию, консервацию и ликвидацию опасных производственных объектов»
Атауы (қаз.)
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
08.04.2020
Көрсетілген редакция
28.11.2021 141598_546008.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020371
ЭКБ идентификаторы
141598
Редакция идентификаторы
141598_546008
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:09

0 «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету

қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2020 жылғы 8 сәуірі № 189
бұйрығымен
бекітілген
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу тәртібін айқындайды.

2

2. «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3

3. Екі және одан да көп облыс шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ стратегиялық объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – Комитет) келісіледі.
Өзге қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Комитеттің аумақтық департаменттерімен келісіледі.

4

4. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттарын келісуді Комитеттің аумақтық департаменттері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 216-бабына (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы Кодекс) сәйкес осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

5 5. Заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;

2 2) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесін жолдайды (ҚР ҚН 1.02-03-2011).

Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттамасы үшін Жер қойнауы туралы Кодекстің 182-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесін ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі-стандарт) нысанында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

6 6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушы тағайындайды.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

7

7. Жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 12 (он екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, соңдай-ақ атом энергиясы, магистральді құбырларды мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде хат ресімдейді - көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша келісу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады және оны портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.

8 8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші

1 жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (Оператор) мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК РҚ), немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz. электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

11 11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

12 12. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 «Қауіпті өндірістік

объектілерді салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға, жаңғыртуға,
консервациялауға және жоюға
арналған жобалау құжаттамасын
келісу» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
нысан
[Мемлекеттік органның атауы]
басшысына
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні]
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабын басшылыққа
ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, жобалық құжаттаманы келісуді
сұрайды _________________________________________________________________________
(жобалық құжаттаманың атауы)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

2 «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

2-қосымша
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті және оның аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі.
2
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі
«Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
15 (он бес) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жобалық құжаттаманы келісу-хат немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
6
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өндіріп алу тәсілдері
Тегін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​egov.​kz, пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) өтініш;
2) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі (ҚР ҚН 1.02-03-2011);
Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттамасы үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 182-бабының талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесін осы стандарттын қосымшасына сәйкес ұсыну қажет.
9
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме
1) Осы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

2.1 Уран өңдіру саласындағы жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамалық қорытындысының мазмұны

«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету стандартына
қосымша
Уран өңдіру саласындағы жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік
сараптамалық қорытындысының мазмұны

1 1. Уран өндіру саласындағы жобалық құжаттаманың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды:

1 1) сараптамалық қорытындының атауын;

2

2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуын қамтитын кіріспе бөлімді;

3 3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;

4 4) жобаны әзірлеуші ұйымның атауы және қысқаша сипаттамасын;

5 5) сараптама мақсатын;

6 6) сараптама процесінде қаралған жобалық, конструкторлық құжаттар туралы мәліметтерді;

7 7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;

8 8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;

9 9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсынымдары бар қорытынды бөлімді;

10 10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;

11 11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды қамтуы тиіс.

2 2. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.

Сараптамалық қорытындыға сараптама ұйымның басшысы қол қояды, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

3 «Қауіпті өндірістік

объектілерді салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға, жаңғыртуға,
консервациялауға және жоюға
арналған жобалау құжаттамасын
келісу» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
[На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
[Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
Кү­ні: [Бе­рі­л­ген кү­ні]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы]
Нө­мі­рі: [Құ­жат нө­мі­рі]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
ДӘЛЕЛ­ДІ БАС ТАР­ТУ
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы], Сіз­дің [Өті­ніш кү­ні] жы­л­ғы № [Өті­ніш­тің нө­мі­рі] өті­ні­ші­ң­із­ді және [Жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ның ата­уы] жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ны қа­рап, мы­на­ны ха­бар­лай­ды:
[Бас тар­ту­дың негі­зі]
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
[Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(болған жағ­дай­да), элек­трон­дық
цифр­лық қол­таң­ба­сы]

4 «Қауіпті өндірістік

объектілерді салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға, жаңғыртуға,
консервациялауға және жоюға
арналған жобалау құжаттамасын
келісу» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
[На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
[Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
Нө­мі­рі: [Құ­жат нө­мі­рі]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы]
Өті­ніш нө­мі­рі: [Нө­мі­рі]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
Бе­рі­л­ген кү­ні: [Кү­ні]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы], «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 78-ба­бы­на және «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес және қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар тіз­бе­сін ес­ке­ріп, [Жо­ба­лық құ­жат­та­ма­ның ата­уы] жо­ба­лық құ­жат­та­ма­сын өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік бө­лі­гін­де ке­лі­се­ді.
Осы ке­лі­су­дің қол­да­ны­лу шар­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі заң­на­ма­ны, қа­ғи­да­лар­ды және бас­қа да қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік құ­жат­тар­ды мін­дет­ті түр­де сақ­тау бо­лып та­бы­ла­ды.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
[Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(болған жағ­дай­да), элек­трон­дық
цифр­лық қол­таң­ба­сы]

Қолданыстағы