Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах

Өзге акт · № 56-4 · қабылданған 31.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141605/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах Қолданыста Өзге акт ·№ 56-4 ·31.03.2020
28.04.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах

Қолданыста Өзге акт ·№ 56-4 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
56-4
Қабылданған күні
31.03.2020
Қолданысқа енгізілген күні
26.04.2020
Көрсетілген редакция
28.04.2023 141605_631559.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GG004554
ЭКБ идентификаторы
141605
Редакция идентификаторы
141605_631559
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:21

0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мойынқұм ауданының «Мойынқұм ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету» ережесі және мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм аудандық мәслихатының әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, адам құқықтарын қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мойынқұм ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

Мойынқұм аудандық мәслихатының
2020 жылғы 31 наурыздағы № 56-4
1 қосымша
Мойынқұм ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Мойынқұм ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2 2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

3 3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

5 5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы