Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оформления паспорта памятника истории и культуры

Бұйрық · № 82 · қабылданған 10.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141644/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил оформления паспорта памятника истории и культуры Қолданыста Бұйрық ·№ 82 ·10.04.2020
10.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оформления паспорта памятника истории и культуры

Қолданыста Бұйрық ·№ 82 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оформления паспорта памятника истории и культуры
Атауы (қаз.)
Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
82
Қабылданған күні
10.04.2020
Көрсетілген редакция
10.04.2020 141644_455616.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020388
ЭКБ идентификаторы
141644
Редакция идентификаторы
141644_455616
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:04

0 Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
2020 жылғы 10 сәуірі № 82
Бұйрықпен бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тарих және мәдениет ескерткіші – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектісі;

2 2) тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты (бұдан әрі – паспорт) – тарих және мәдениет ескерткіші туралы ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын құжат;

3 3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу тәртібі

3 3. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне тиісті мәртебе берілген тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

4 4. Паспорт бір данада, қағаз түрінде ресімделеді және паспортты ресімдеген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында немесе ескерткіш республикалық немесе халықаралық мәртебеге ие болған жағдайда уәкілетті органда сақталады.

5 5. Тарих және мәдениет ескерткіш туралы жаңа мәліметтер анықталған жағдайда паспортқа осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жаңа мәліметтермен қосымша қоса беріледі.

6 6. Паспорттың әрбір парағында (титулдық парақтан басқа) жоғарғы жиек жолының ортасында реттік нөмірі қойылады.

7 7. Паспорттың бөлімінде бір немесе бірнеше нұсқаларды таңдау үшін «+» белгісі қойылады.

1 Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларына

1-қосымша
Нысан
1.
*Ес­керт­кіш­тің
ата­уы
*На­име­но­ва­ние
па­мят­ни­ка
2.
*Ес­керт­кіш­тің
хро­но­ло­ги­я­сы
*Хро­но­ло­гия
па­мят­ни­ка
3.
*Ес­керт­кіш­тің
тү­рі
*Вид па­мят­ни­ка
Ар­хео­ло­гия
Ар­хео­ло­гия
Қа­ла құ­ры­лы­сы және сәу­лет
Гра­до­стро­и­тель­ства и ар­хи­тек­ту­ры
Ан­самбль­дер мен ке­шен­дер
Ан­сам­бли и ком­плек­сы
ки­е­лі объ­ек­ті­лер
Са­краль­ные объ­ек­ты
мо­ну­мент­тік өнер құ­ры­лы­ста­ры
Со­ору­же­ния мо­ну­мен­таль­но­го ис­кус­ства
4.
*Ес­керт­кіш­тің са­на­ты
*Ка­те­го­рия па­мят­ни­ка
па­мят­ник ис­то­рии и куль­ту­ры меж­ду­на­род­но­го зна­че­ния
па­мят­ни­ки ис­то­рии и куль­ту­ры рес­пуб­ли­кан­ско­го зна­че­ния
па­мят­ни­ки ис­то­рии и куль­ту­ры мест­но­го зна­че­ния
* ес­керт­кіш­ке мәр­те­бе бе­рі­л­ген бұй­рық­тың/қа­улы­ның кү­ні және №
*№ и да­та при­ка­за/по­ста­нов­ле­ния, ко­то­рым па­мят­ни­ку при­дан ста­тус
5.
*Ес­керт­кіш­тің
ор­на­лас­қан же­рі
*Ме­сто­рас­по­ло­же­ние па­мят­ни­ка
____________________________________________________
(об­лыс, қа­ла, аудан, ел­ді-ме­кен, се­ло, кө­ше)
____________________________________________________
(об­ласть, го­род, рай­он, на­се­лен­ный пункт, ули­ца)
6.
Ес­керт­кіш­тің
ор­на­лас­қан же­рі­нің гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры
Гео­гра­фи­че­ские ко­ор­ди­на­ты ме­сто­рас­по­ло­же­ния па­мят­ни­ка
бой­лық және ен­дік
дол­го­та и ши­ро­та
7.
*Та­ри­хи мә­лі­мет­тер:
*Ис­то­ри­че­ские све­де­ния:
*Негіз­гі биб­лио­гра­фия, мұ­ра­ғат­тық түп­нұс­қа­лар:
*Ос­нов­ная биб­лио­гра­фия, ар­хив­ные ис­точ­ни­ки:
а) ес­керт­кіш­тің ба­стап­қы кел­бе­тін өзгерт­кен қай­та құ­ру­лар мен жой­ы­лу­лар:
а) пе­ре­строй­ки и утра­ты, из­ме­нив­шие пер­во­на­чаль­ный об­лик па­мят­ни­ка:
б) ғы­лы­ми-қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­ры (жал­пы си­патта­ма­сы, уа­қы­ты, ав­то­ры, құ­жат­та­ма­ны сақ­тау ор­ны):
б) на­уч­но-ре­став­ра­ци­он­ные ра­бо­ты (об­щая ха­рак­те­ри­сти­ка, вре­мя, ав­тор, ме­сто хра­не­ния до­ку­мен­та­ции):
в) Ес­керт­кіш­те жүр­гі­зі­л­ген ар­хео­ло­ги­я­лық зерт­те­улер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (жал­пы си­патта­ма­сы, уа­қы­ты, жо­ба ав­то­ры, құ­жат­та­ма­ны сақ­тау ор­ны):
в) све­де­ния о про­ве­ден­ных на па­мят­ни­ке ар­хео­ло­ги­че­ских ис­сле­до­ва­ний (об­щая ха­рак­те­ри­сти­ка, вре­мя, ав­тор про­ек­та, ме­сто хра­не­ния до­ку­мен­та­ции):
8.
*Ес­керт­кіш­тің си­патта­ма­сы:
*Опи­са­ние па­мят­ни­ка:
_______________________________________________________________­_­__
_______________________________________________________________­_­__
Қо­сым­ша
При­ло­же­ние
Жал­пы кө­рі­ні­сі­нің cуpeтi -
Фо­то об­ще­го ви­да -
Бас жос­пар -
Ге­не­раль­ный план -
Өл­шем­дер -
Об­ме­ры -
Қор­ғау ай­ма­ғы­ның схе­ма­лық жос­па­ры -
Схе­ма­ти­че­ский план охран­ной зо­ны -
9.
*Тех­ни­ка­лық
жай-күйі:
*Тех­ни­че­ское
со­сто­я­ние:
жақ­сы
хо­ро­шее
қа­на­ғат­та­нар­лық
удо­вле­тво­ри­тель­ное
қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз
неудо­вле­тво­ри­тель­ное
ава­ри­я­лық
ава­рий­ное
10.
Тех­ни­ка­лық жай-күй­іне си­патта­ма:
Ха­рак­те­ри­сти­ка тех­ни­че­ско­го со­сто­я­ния:
_______________________________________________________________­_­__
а) қор­ғау ай­ма­ғы мен құ­ры­лы­сты рет­теу ай­ма­ғы­ның ше­ка­ра­сы:
а) гра­ни­цы охран­ной
зо­ны и зо­ны ре­гу­ли­ро­ва­ния
за­строй­ки:
б) мен­шік түpi:
б) вид соб­ствен­но­сти:
в) қор­ғау мін­дет­те­ме­сі­нің
бе­рі­л­ген күнi және нө­мipi
в) да­та вы­да­чи и но­мер охран­но­го обя­за­тель­ства
11.
*Қaзip­гi кез­де­гі пай­да­ла­ну
си­па­ты
*Ха­рак­тер со­вре­мен­но­го ис­поль­зо­ва­ния
Ба­стап­қы
бел­гі­леу бой­ын­ша
По пер­во­на­чаль­но­му на­зна­че­нию
Ғы­лы­ми
На­уч­ное
Бі­лім бе­ру
Об­ра­зо­ва­тель­ное
Тәр­би­е­лік
вос­пи­та­тель­ное
Ту­ри­стік
Ту­рист­ское
Ақ­па­рат­тық
Ин­фор­ма­ци­он­ное
Қол­да ныл­май­ды
Не ис­поль­зу­ет­ся
12.
*Пас­порт­тың
тол­ты­ры­л­ған кү­ні:
*Да­та со­став­ле­ния
пас­пор­та:
20__­жыл «___» ____________
«___» ____________ 20___­год.
Примечание: пункты, отмеченные знаком «*», являются обязательными к заполнению.
*Құрастырушы: _____________________________________________ Мөрдің орны
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қызметі, қолы)
*Составитель: ____________________________________________ Место печати
(фамилия, инициалы, должность, подпись)
*Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы
органының өкілі:
*Представитель местного исполнительного органа области (города
республиканского значения, столицы):
______________________________________________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қызметі, қолы)
(фамилия, инициалы, должность, подпись)

2 Тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларына

2-қосымша
Нысан

Та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кі­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ен­гі­зу үшін негіз
Мәліметтерді енгізу күні 20__ жыл «___» ____________
Құрастырушы: ___________________________________________ Мөрдің орны
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қызметі, қолы)

Қолданыстағы