Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог»

Қаулы · № 204 · қабылданған 14.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141656/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог» Күшін жойған Қаулы ·№ 204 ·14.04.2020
17.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог»

Күшін жойған Қаулы ·№ 204 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выплаты и размера вознаграждения обладателю звания «Лучший педагог»
Атауы (қаз.)
«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
204
Қабылданған күні
14.04.2020
Көрсетілген редакция
17.08.2023 141656_650129.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000204
ЭКБ идентификаторы
141656
Редакция идентификаторы
141656_650129
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:02

0 «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу

қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы

төлеу қағидалары бекітілсін.

2. «Үздік педагог» атағын иеленушіге 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы белгіленсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы
төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Үздік педагог» атағын иеленушіге (бұдан әрі – иеленуші) сыйақы төлеу тәртібін айқындайды.

2. Сыйақы білім беру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, ол иеленушінің ағымдағы шотына бір рет аударылады.

3. Сыйақы 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

2. «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу тәртібі

4. Конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде иеленуші сыйақы алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) иеленушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шот нөмірі туралы мәліметтер.

5. Құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде иеленушінің ағымдағы шотына сыйақыны аудару жүргізіледі.

________________________

Қолданыстағы