Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Өзге акт · № 31 · қабылданған 15.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141696/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Қолданыста Өзге акт ·№ 31 ·15.04.2020
15.04.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Қолданыста Өзге акт ·№ 31 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
31
Қабылданған күні
15.04.2020
Көрсетілген редакция
15.04.2020 141696_454704.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20BA007811
ЭКБ идентификаторы
141696
Редакция идентификаторы
141696_454704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:59

0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Көкшетау қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кезектен тыс қалалық комиссияның жедел отырысының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 5 хаттамасының негізінде, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көкшетау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Әбуев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылдың 8 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

5 5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы