Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов

Бұйрық · № 13 · қабылданған 13.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141703/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Қолданыста Бұйрық ·№ 13 ·13.04.2020
06.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов

Қолданыста Бұйрық ·№ 13 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» и о признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов
Атауы (қаз.)
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13
Қабылданған күні
13.04.2020
Көрсетілген редакция
06.06.2023 141703_637122.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020393
ЭКБ идентификаторы
141703
Редакция идентификаторы
141703_637122
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:02

0 «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот Әкімшілігі туралы ереженің 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының» 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

Департамент басшысы
2020 жылғы 13 сәуірі
№ 13
бұйрығымен бекітілген
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция (Гаага 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі №545 қаулысына сәйкес әзірленді және «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

2

2. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

2 2) апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

2 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде берілген.

5 5. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

6

6. Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.

7 7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салуды қарау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.

8

8. Құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оларды қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қарауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді, ал құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы түскен жағдайда апостиль қояды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды жүзеге асырады.

10

10. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы белгіленген уақытта ресми құжаттың түпнұсқасын ұсынғаннан кейін құжатқа қол қою және мөр қою арқылы апостиль қояды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Құжаттар Мемлекеттік корпорацияның филиалы немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы түскен жағдайда, нәтижелер Мемлекеттік корпорацияның филиалына немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі.

11

11. Өтініштер Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы келіп түскен жағдайда, апостиль қойылатын құжатты талап ету қажет болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері соттың әкімшілендіру саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұрау салу жібереді.

12 12. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін), және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

13

13. Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

14 14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

14-1

14-1. Тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды.

14-2 14-2. Тыңдау туралы хабарлама өтініш тіркелгеннен кейін алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

14-3 14-3. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші сот органынан шығатын құжатқа апостиль қою туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

15 15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

15-1

15-1. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты қызмет көрсетуші тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

16

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

17 17. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

18 18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

19

20 20. Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1 «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Сот органдарынан шығатын ресми
құжаттарға апостиль қою» жөніндегі
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Сот ор­ган­да­ры­нан шы­ға­тын ре­сми құ­жат­тар­ға апо­стиль қою
2
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және
оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы
аумақтық бөлімшелері.
3
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет
нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан
әрі-портал);
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері
мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің
кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі
Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап:
пор­тал­да-1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
об­лы­стар­да, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­да және аста­на­да ор­на­лас­қан Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция фи­ли­ал­да­ры­ның бө­лім­де­ріне - 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция фи­ли­ал­да­ры­ның бас­қа бө­лім­де­ріне - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ди­пло­ма­ти­я­лық өкіл­дік­те­рі мен кон­сул­дық ме­ке­ме­ле­рі­нің өті­ніш­те­рі бой­ын­ша – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді.
Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 15 (он бес) ми­нут;
Қыз­мет көр­се­ту­ді кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты-15 (он бес) ми­нут.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) неме­се қа­ғаз тү­рін­де
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Құ­жат­қа қол қой­ған тұл­ға қо­лы­ның түп­нұс­қа­лы­ғын ку­әлан­ды­ра­тын және оның өкі­лет­ті­лі­гін, сон­дай-ақ осы құ­жат бе­кі­ті­л­ген мөр­дің неме­се мөр­таң­ба­ның түп­нұс­қа­лы­ғын рас­тай­тын ар­найы мөр­таң­ба – апо­стиль қой­ы­л­ған құ­жат неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның "же­ке ка­би­не­тіне" мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге дай­ын екен­ді­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не бас тар­ту се­беп­те­рі көр­се­ті­л­ген жа­у­ап жі­бе­рі­ле­ді. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­ле­рін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.
7
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы түр­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­сетiл­генi үшiн "Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­нетiн бас­қа да мiн­дет­тi тө­лем­дер ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дексiнiң (Са­лық ко­дексi) 615-ба­бы­ның 7) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес әр­бір апо­стиль қой­ы­ла­тын құ­жат үшін 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­ше­рін­де мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды.
Мем­ле­кет­тік баж екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар, сон­дай-ақ ЭҮТШ ар­қы­лы тө­ле­не­ді.
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бi­ден ба­стап жұ­ма күн­де­рі қо­са есеп­тел­ген­де. Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі ас­қа үзі­ліс.
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш біл­дір­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ме­кен­жайы, мы­на ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші: www.​sud.​gov.​kz;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция: www.​gov4с.kz;
3) пор­тал­да www.​egov.​kz.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де:
1) өті­ніш;
2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­ла­тын сот ор­ган­да­ры­нан шы­ға­тын ре­сми құ­жат;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мүд­де­ле­рін үшін­ші тұл­ға біл­дір­ген жағ­дай­да, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат (са­лы­сты­ру үшін);
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның те­гі­нің, аты­ның, әке­сі­нің аты­ның (бар бол­са) өзгер­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (егер өзге­ріс Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да 2008 жыл­дан кей­ін тір­кел­ген бол­са, құ­жат ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден та­лап еті­ле­ді);
6) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да).
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық өті­ніш;
2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да);
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның те­гі­нің, аты­ның, әке­сі­нің аты­ның (бар бол­са) ауы­с­қа­нын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (егер өзге­ріс Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да 2008 жыл­дан кей­ін тір­кел­ген бол­са, құ­жат ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден та­лап еті­ле­ді).
Егер аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін тір­кеу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да 2008 жыл­дан кей­ін жүр­гі­зі­л­ген бол­са, же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын, те­гін, атын, әке­сі­нің атын өзгерт­ке­нін рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стрі­нің мн­де­тін ат­қа­ру­шы 2021 жы­л­ғы 4 қа­ра­ша­да­ғы №950, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 15 қа­ра­ша­да­ғы №702, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 16 қа­ра­ша­да­ғы №1182, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Со­ты­ның жа­нын­да­ғы Сот­тар­дың қыз­ме­тін қам­та­ма­сыз ету де­пар­та­мен­ті (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Со­ты ап­па­ра­ты) бас­шы­сы­ның 2021 жы­л­ғы 16 қа­ра­ша­да­ғы №30, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 24 қа­ра­ша­да­ғы №363, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның мін­де­тін ат­қа­ру­шы 2021 жы­л­ғы 24 қа­ра­ша­да­ғы №155, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 29 қа­ра­ша­да­ғы №574 және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стрі­нің 2021 жы­л­ғы 8 жел­тоқ­сан­да­ғы №851 бір­лес­кен бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де №25789 тір­кел­ген) апо­стиль қо­ю­дың бі­рың­ғай Қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на және осы Қа­ғи­да­ға сәй­кес кел­ме­уі.
11
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­лар ар­қы­лы көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген бас­қа да та­лап­та­ры
Тiр­шiлiк әре­кетiн шек­тей­тін ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты бұ­зы­луы­нан ден­са­улы­ғын­да кінәра­ты бар қыз­мет алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін олар­дың Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на 1414, 8 800 080 7777 жү­гі­нуі ар­қы­лы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі қа­жет болған жағ­дай­да құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы "же­ке ка­би­нет", сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет мә­се­ле­сі бой­ын­ша Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала ала­ды.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі "элек­трон­дық үкі­мет" мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, "элек­трон­дық үкі­мет" мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі "цифр­лық құ­жат­тар" бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

2 Өтініш

«Сот органдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою»
жөніндегі мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
____________________________
____________________________
_________________ басшысына
____________________________
(қызметті алушының Т.А.Ә.
(болған жағдайда ))
____________________________
(тұрғылықты мекенжайы, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы)
____________________________
(жеке басты куәландыратын құжаттың №, ЖСН)
Өтініш
Сізден _______________________________________________________
(сот құжатының атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(беру мемлекеті)
беру (көрсету) үшін апостиль қойып, беруіңізді сұраймын.
Осы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды
құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін.
Осымен менің көрсеткен тұрғылықты жерімнің (орналасқан жерімнің)
мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы
дұрыс екенін және көрсетілген байланыстарға жіберілген хабарлама (хабарлама)
тиісінше және жеткілікті деп есептелетінін растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда ) _____қолы ____
20__жылғы «___»_______
М.О. (заңды тұлғалар үшін)
----------------------------------------------------------------------------------------------------
кесу сызығы
Құжатты қабылдады ________________________ 20__жылғы «___» ______
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Құжаттарды беру уақыты __________________ 20__ жылғы «___» ______

1.3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
___________________________________
(қызметті алушының Т.А.Ә., немесе ұйым атауы)
___________________________________
(қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңын басшылыққа ала отырып,
____________________________________________________________________
(мекенжайын көрсету)
Мемлекеттік корпорация № __________ филиалының бөлімі мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық
болмауына және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың
ұсынылуына байланысты «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан
бас тартады, атап айтқанда:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
(жоқ құжаттардың атаулары)
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
(қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары)
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)_____ қолы ____ телефон ______
Қабылдады: _______________________ 20 ___ жылғы «___» ___________
(Қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

2 Күші жойылды деп тануға жататын кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының
аппараты) басшысының
2020 жылғы 13 сәуірі
№ 13
бұйрығына қосымша
Күші жойылды деп тануға жататын кейбір нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

1

1. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №239 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 шілдеде №11584 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) басшысының 2016 жылғы 21 қаңтардағы №6001-16-7-6/15 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 28 ақпанда №13299 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

3

3. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №239 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2017 жылғы 22 қарашадағы №6001-17-7-6/389 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда №16135 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған);

4

4. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №239 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 мамырдағы №4 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 20 мамырда №18698 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 мамырда «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған);

5

5. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №239 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2019 жылғы 22 қазандағы №8 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 30 қазанда №19532 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қарашада «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған);

6

6. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 3 тамыздағы №365 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 қыркүйекте №12003 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

7

7. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) басшысының 2015 жылғы 3 тамыздағы №365 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) басшысының 2016 жылғы 9 ақпандағы №6001-16-7-6/31 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 9 наурызда №13421 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

8

8. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 3 тамыздағы №365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2018 жылғы 25 қаңтардағы №6001-18-7-6/23 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 6 ақпанда №16313 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 ақпанда «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған);

9

9. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 3 тамыздағы №365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2019 жылғы 11 маусымдағы №5 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 13 маусымда №18841 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 маусымда «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған);

10

10. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2015 жылғы 3 тамыздағы №365 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №10 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда №19705 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 желтоқсанда «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде жарияланған).

Қолданыстағы