Құжат мәтініне өту

Об упразднении Комитета по государственному контролю над производством и оборотом подакцизной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан

Қаулы · № 72 · қабылданған 22.01.2003
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14175/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об упразднении Комитета по государственному контролю над производством и оборотом подакцизной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 72 ·22.01.2003
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об упразднении Комитета по государственному контролю над производством и оборотом подакцизной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 72 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об упразднении Комитета по государственному контролю над производством и оборотом подакцизной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72
Қабылданған күні
22.01.2003
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI14175_6.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000072_
ЭКБ идентификаторы
14175
Редакция идентификаторы
AI14175_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:31

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiле отырып, таратылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5 5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1 1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 3, 13-құжат);

2 2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, N 49-50, 578-құжат).

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

9 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 қаңтардағы
N 72 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

3 3. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12. N 578(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4 4. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12. N 578(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

5 5. "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 396 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 144-құжат):

2-тармақта "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қолданыстағы