Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 328 · қабылданған 15.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141809/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 328 ·15.04.2020
18.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 328 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
328
Қабылданған күні
15.04.2020
Көрсетілген редакция
18.03.2025 141809_761135.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020411
ЭКБ идентификаторы
141809
Редакция идентификаторы
141809_761135
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:59

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізіліп отырған кейбір бұйрықтардың қоса берілетін тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайтбеков) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

2020 жылғы 15 сәуірі
№ 328 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1 1. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2025 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2025 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3

3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 998 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланды):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2, 3- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кадр саясатының субъектілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оның қарамағындағы ведомстволарының аумақтық органдарының, мамандандырылған күзет қызметінің, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері) бірінші басшылары және олардың орынбасарлары болып табылады.
3. Кадр саясатының субъектілерін бағалау объектілері ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері болып табылады.»;
2, 3, 4, 5 және 6-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. «Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі» өлшемшарты;
«3-тарау. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқыту» өлшемшарты;
«4-тарау. «Тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық
профилактикасы жөніндегі жұмыстың тиімділігі» өлшемшарты;
«5-тарау. «Кәсіби даярлық деңгейі» өлшемшарты;
«6-тарау. «Кадр саясатының субъектілерін қорытынды бағалау»;
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:
Көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті.
ІІО имидждік саясатының ережелерін білу және түсіну.
ІІО қызметтік этикасының, құпиялылық режимінің және имидждік саясатының талаптарын сақтай отырып, жалпы және арнайы қызметтік мәселелер бойынша халық өкілдерімен, арнайы контенгентпен ауызша байланыста болу (әңгімелесу) қабілеті.
»;
Көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаға 8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Әдеп кодексінің ережелерін баяндау және түсіндіру. Осы көрсеткішке сәйкес келуіне бағалау психофизиологиялық куәландыру және сипаттайтын материалдар негізінде жүзеге асырылады. ІІО имидждік саясатының мазмұны, маңызы, мақсаттары мен міндеттері туралы сұрақтарға жауап беру. Жұртшылық өкілінің (арнайы контенгенттің) мінез-құлқын еліктейтін лауазымды адамның сұрақтарына жауап беру.
»;
Көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті.
ІІО имидждік саясатының ережелерін білу және түсіну.
ІІО қызметтік этикасының, құпиялылық режимінің және имидждік саясатының талаптарын сақтай отырып, жалпы және арнайы қызметтік мәселелер бойынша халық өкілдерімен, арнайы контенгентпен ауызша байланыста болу (әңгімелесу) қабілеті..
Әдеп кодексінің ережелерін баяндау және түсіндіру. Осы көрсеткішке сәйкес келуіне бағалау психофизиологиялық куәландыру және сипаттайтын материалдар негізінде жүзеге асырылады.
ІІО имидждік саясатының мазмұны, маңызы, мақсаттары мен міндеттері туралы сұрақтарға жауап беру. Жұртшылық өкілінің (арнайы контенгенттің) мінез-құлқын еліктейтін лауазымды адамның сұрақтарына жауап беру.
»;
Көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті.
ІІО имидждік саясатының ережелерін білу және түсіну.
ІІО қызметтік этикасының, құпиялылық режимінің және имидждік саясатының талаптарын сақтай отырып, жалпы және арнайы қызметтік мәселелер бойынша халық өкілдерімен, арнайы контенгентпен ауызша байланыста болу (әңгімелесу) қабілеті.
Тестілеуден өту.
Осы көрсеткішке сәйкес келуіне бағалау психофизиологиялық куәландыру және сипаттайтын материалдар негізінде жүзеге асырылады.
Жұртшылық өкілінің (арнайы контенгенттің) мінез-құлқын еліктейтін лауазымды адамның сұрақтарына жауап беру.
».
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшартында:
1, 2, және 3-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»
«2-тарау. ІІО қызметкерлерінің кәсіби дамуы»
«3-тарау. ІІО қызметкерлерінің мансаптық өсуі».

4

4. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17724 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қарашада жарияланды):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесінде:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер
енгізілетін тізбесіне қосымша

Қолданыстағы