Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах въезда (выезда) в Республике Казахстан и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан

Қаулы · № 220 · қабылданған 17.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141881/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах въезда (выезда) в Республике Казахстан и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 220 ·17.04.2020
30.04.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах въезда (выезда) в Республике Казахстан и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 220 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах въезда (выезда) в Республике Казахстан и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
220
Қабылданған күні
17.04.2020
Көрсетілген редакция
30.04.2021 141881_526671.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000220
ЭКБ идентификаторы
141881
Редакция идентификаторы
141881_526671
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:54

0 Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің)

және олардың Қазақстан Республикасында болуының
кейбір мәселелері туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағының қолданылуы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрсын.

2

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына («Егемен Қазақстан», 2020 ж. 28.01., № 18 (29747)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының
26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.».

3

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы