Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки о консульских привилегиях и иммунитетах

Заң · № 320-VI · қабылданған 18.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-141970/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки о консульских привилегиях и иммунитетах Қолданыста Заң ·№ 320-VI ·18.04.2020
18.04.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки о консульских привилегиях и иммунитетах

Қолданыста Заң ·№ 320-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки о консульских привилегиях и иммунитетах
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
320-VI
Қабылданған күні
18.04.2020
Көрсетілген редакция
18.04.2020 141970_487272.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000320
ЭКБ идентификаторы
141970
Редакция идентификаторы
141970_487272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:54

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер

туралы келісімді ратификациялау туралы
2019 жылғы 3 мамырда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімінің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Қурама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі мәтін бойынша, жекелегенде "Тарап" және бірге "Тараптар" деп аталатын)
консулдық лауазымды адамдар мен консулдық қызметшілер жүргізетін жұмыстың маңыздылығын тани отырып;
консулдық персонал мүшелері мен олардың отбасы мүшелері үшін күшейтілген қорғаныс Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімді бола отырып;
консулдық мекемелер, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері пайдаланатын қорғауды күшейтуге ниет білдіре отырып; және
мұндай артықшылықтар мен иммунитеттер жекелеген адамдарға емес, консулдық мекемелер өз Мемлекеттері атынан функцияларды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін берілетінін атап көрсете отырып;
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап Анықтамалар

Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарға ие:
Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 1-бабында және Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 1-бабында келтірілген анықтамалар осы Келісімге қолданылады.
"Отбасы мүшесі" - қабылдаушы Мемлекетте қалыптасқан практикаға сәйкес ол туралы қабылдаушы Мемлекеттің назарына жеткізілген, консулдық лауазымды адам, немесе консулдық қызметші отбасының құрамдас бөлігі болып табылатын отбасы мүшесін білдіреді.

2 2-бап Консулдық лауазымды адамдардың артықшылықтары мен иммунитеттері

Әрбір Тарап екінші Тараптың консулдық лауазымды адамдарына Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық агенттерге берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттер береді.

3 3-бап Консулдық қызметшілердің артықшылықтары мен иммунитеттер

Әрбір Тарап екінші Тараптың консулдық қызметшілеріне Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес әкімшілік және техникалық персонал мүшелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттерді береді.

4 4-бап Консулдық лауазымды адамдардың отбасы мүшелері үшін артықшылықтары мен иммунитеттер

Әрбір Тарап екінші Тараптың консулдық лауазымды адамының отбасы мүшелеріне дипломатиялық агент отбасының құрамдас бөлігі болып табылатын отбасы мүшелеріне Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттер береді.

5 5-бап Консулдық қызметшілердің отбасы мүшелері үшін артықшылықтар мен иммунитеттер

Тараптар консулдық қызметшінің отбасы мүшелеріне Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес әкімшілік және техникалық персонал отбасының құрамдас бөлігі болып табылатын отбасы мүшелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерге балама болып табылатын артықшылықтар мен иммунитеттер береді.

6 6-бап Консулдық мекеме және жылжымайтын мүлік

Консулдық мекемелердің үй-жайлары мен мүлкі, оның ішінде көлік құралдары да Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабына сәйкес дипломатиялық өкілдіктер сияқты қорғалады.

7 7-бап Қолданылу аясы

Осы Келісімде ұсынылатын қорғау қабылдаушы Мемлекеттің азаматтары болып табылатын немесе қабылдаушы Мемлекетте тұрақты тұратын адамдарға қолданылмайды.

8 8-бап Бас тарту

Осы Келісімге сәйкес берілетін кез келген иммунитетті немесе қол сұғылмаушылықты жіберуші Мемлекет тоқтатуы мүмкін. Кез келген бас тарту әрқашан анық көрсетілуі тиіс.

9 9-бап Визалар

Әрбір Тарап екінші Тараптың дипломатиялық және консулдық персоналы үшін визаны ресімдеу және беру процессінде діни тұрғыдан немесе этникалық шығу тегі негізінде кемсітпеуге міндеттенеді.

10 10-бап Консулдық қатынастар бойынша Вена конвенциясымен өзара іс-қимыл

Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 73-бабына сәйкес осы Келісім аталған Конвенцияның ережелерін толықтырады және күшейтеді. Осы Келісімнің ережелері және бұрын күшіне енген кез келген келісімдер рет-ретімен қолданылады. Алшақтықтар болған жағдайда жіберуші мемлекет үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын ереже қолданылады.
Осы Келісімде ешнәрсе Тараптардың кез келгенінің өз мемлекеттері қатысушылары болып табылатын кез келген басқа халықаралық шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін қозғамайды.

11 11-бап Өзгерістер мен толықтырулар

Кез келген уақытта осы Келісімге өзара келісім арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

12 12-бап Күшіне енуі және қолданысын тоқтату

Осы Келісім күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің орындағаны туралы жазбаша хабарламаны Америка Құрама Штаттарының Үкіметі дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап осы Келісім күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімді кез келген уақытта қолданысын тоқтатуы мүмкін. Осы Келісім осындай хабарлама алынған күннен бастап он екі ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
2019 жылғы 3 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында қазақ және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтін де бірдей тең түпнұсқалы болып табылады.

Қолданыстағы