Об утверждении объема субсидии на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объема субсидии на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)
- Атауы (қаз.)
- Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 16.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2021 141991_521313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20D0005484
- ЭКБ идентификаторы
- 141991
- Редакция идентификаторы
- 141991_521313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:58
0 Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Алматы облысы әкімдігінің «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 тіркелген, 2019 жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы «16» сәуірдегі № 171 қаулысына қосымша
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі
№
Субсидияланатын балық түрі
Өлшем бірлігі
1(бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығынының нормативі (кг)
Балық азығының 1(бір) кг үшін тиесілі субсидиялар сомасы (теңге)
Субсидияланатын көлемі (тонна)
Шығыны
(%)
Субсидиялар сомасы (мың.теңге)
1
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
кг
1,2
270
335,5
30
32 617
2
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
кг
1,5
285
39,7
30
5 095
3
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
кг
4,0
105
-
30
-
Барлығы
375,2
37 712