Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент

Қаулы · № 246 · қабылданған 22.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142069/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент Қолданыста Қаулы ·№ 246 ·22.04.2020
22.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент

Қолданыста Қаулы ·№ 246 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом города Шымкент
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы»
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
246
Қабылданған күні
22.04.2020
Көрсетілген редакция
22.04.2020 142069_456492.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20E0000101
ЭКБ идентификаторы
142069
Редакция идентификаторы
142069_456492
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:49

0 «Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы»

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемі – 20 000 000 000 (жиырма миллиард) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерізімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3 3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Садырға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы