О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 17.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2020 142098_457607.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006255
- ЭКБ идентификаторы
- 142098
- Редакция идентификаторы
- 142098_457607
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:55
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірі
№ 89 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 273 қаулысы (2017 жылғы 8 тамыз Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4280 болып тіркелді).
2
2. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 486 қаулысы (2017 жылғы 27 желтоқсан Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 болып тіркелді).
3
3. «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 273 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 169 қаулысы (2018 жылғы 04 шілде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланды, Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы актілері, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 болып тіркелді).