Құжат мәтініне өту

О снятии карантина и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области

Қаулы · № 68 · қабылданған 22.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142121/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О снятии карантина и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области Қолданыста Қаулы ·№ 68 ·22.04.2020
22.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии карантина и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области

Қолданыста Қаулы ·№ 68 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии карантина и признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Карантинді алып тастау және Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68
Қабылданған күні
22.04.2020
Көрсетілген редакция
22.04.2020 142121_456871.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20M0004199
ЭКБ идентификаторы
142121
Редакция идентификаторы
142121_456871
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:49

0 Карантинді алып тастау және Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 12 наурыздағы №01-19/211 ұсынысының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Түйелердің арасынан күл ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілгеніне байланысты Маңғыстау облысының келесі аумақтарында белгіленген карантин алынып тасталсын:

1 1) Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны Ж. Нұрмағамбетованың жеке ауласы;

2 2) Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының тұрғыны К. Рахметовтың жеке ауласы;

3 3) Түпқараған ауданының «Түйесу» қыстағы;

4 4) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Ө. Шәмбіловтың № 59 өндірістік базасы;

5 5) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы «Сұршоқы» қыстағындағы Ө. Тоғаевтың қора-жайы;

6 6) Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы «Қошанай» қыстағындағы Қ. Тлеповтың қора-жайы;

7 7) Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы «Қаңға» қыстағындағы А. Таласбаеваның қора-жайы;

8 8) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Ұзынқұдық» қыстағындағы Қ. Мәдиевтің «Азамат» шаруа қожалығы;

9 9) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Кезқора» қыстағындағы Н. Араловтың қора-жайы;

10 10) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Ұзынқұдық» қыстағындағы Қ. Қосжановтың қора-жайы;

11 11) Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Е. Алиевтің № 100 өндірістік базасы.

2 2. Маңғыстау облысы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1 1) 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 «Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4123 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2

2) 2020 жылғы 11 ақпандағы № 16 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 6 «Карантин және шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4131 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3 3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы