Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акиматом города Нур-Султан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акиматом города Нур-Султан
- Атауы (қаз.)
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 113-712
- Қабылданған күні
- 23.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2023 142129_660615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20A0001262
- ЭКБ идентификаторы
- 142129
- Редакция идентификаторы
- 142129_660615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:49
0 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
мемлекеттік бағалы қағаздар
шығару шарттарын, көлемін
және нысаналы мақсатын
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты:
1) шарттары:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;