Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Павлодарской, Северо-Казахстанской и Жамбылской областей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Павлодарской, Северо-Казахстанской и Жамбылской областей
- Атауы (қаз.)
- Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 414
- Қабылданған күні
- 23.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2020 142172_459691.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020476
- ЭКБ идентификаторы
- 142172
- Редакция идентификаторы
- 142172_459691
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:48
0 Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2 2) көлемдері:
Павлодар облысы – 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден артық емес;
Солтүстік Қазақстан облысы – 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгеден артық емес;
Жамбыл облысы – 6 000 000 000 (алты миллиард) теңгеден артық емес;
3 3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.