Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/231
- Қабылданған күні
- 24.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2022 142194_587546.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20B0007839
- ЭКБ идентификаторы
- 142194
- Редакция идентификаторы
- 142194_587546
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:47
0 Мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын,
көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 235 қаулысына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін келесі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4,25% (төрт бүтін жиырма бес жүздік пайыз);
қарыз мерзімі – 22 (жиырма екі) айға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жарты жылда 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;