Құжат мәтініне өту

О предельных размерах сумм снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов в течение календарного месяца и категориях юридических лиц, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов

Қаулы · № 50 · қабылданған 21.04.2020
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142209/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
О предельных размерах сумм снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов в течение календарного месяца и категориях юридических лиц, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 50 ·21.04.2020
01.01.2021 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предельных размерах сумм снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов в течение календарного месяца и категориях юридических лиц, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 50 · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предельных размерах сумм снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов в течение календарного месяца и категориях юридических лиц, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов
Атауы (қаз.)
Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері және банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
50
Қабылданған күні
21.04.2020
Көрсетілген редакция
01.01.2021 142209_558945.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020494
ЭКБ идентификаторы
142209
Редакция идентификаторы
142209_558945
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:51

0 Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде

қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері және
банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы
«Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 308 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алуы:

1 1) егер заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болған жағдайда –

20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден;

2 2) егер заңды тұлға орта кәсiпкерлiк субъектiсi болған жағдайда – 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңгеден;

3 3) егер заңды тұлға ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болған жағдайда – 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңгеден аспайтын сомалар мөлшерінде жүзеге асырылатыны айқындалсын.

2 2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілетін сомалардың мөлшері заңды тұлғалардың мынадай санаттарына:

1 1) микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты;

2 2) ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты;

3 3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты;

4

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алуы кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайтыны айқындалсын.

3 3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

0 Тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың экономикалық қызмет түрлері

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірі
№ 50 қаулысына
қосымша
Тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату
субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың
экономикалық қызмет түрлері
Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіш коды
Атауы
47.11
Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату
47.21
Мамандандырылған дүкендерде жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату
47.22
Мамандандырылған дүкендерде ет және ет өнімдерін бөлшек саудада сату
47.23
Мамандандырылған дүкендерде балық, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді бөлшек саудада сату
47.24
Мамандандырылған дүкендерде нан-тоқашты, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдерді бөлшек саудада сату
47.29
Мамандырылған дүкендерде тамақ өнімдерін өзге бөлшек саудада сату
47.73
Мамандандырылған дүкендерде фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
47.74
Мамандандырылған дүкендерде медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату

Қолданыстағы