Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акимата Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акимата Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/01
- Қабылданған күні
- 24.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2020 142211_457394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20K0005806
- ЭКБ идентификаторы
- 142211
- Редакция идентификаторы
- 142211_457394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:46
0 Қарағанды облысы әкімдігінің
мемлекеттік бағалы қағаздар
шығарылымының шарттарын,
көлемін және нысаналы мақсатын
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 Хаттамасының 10.1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №03-24/2072-И хатына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты анықталсын:
1 1) шарттары:
мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жыл – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуды қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4,25%;
қарыз мерзімі - 22 (жиырма екі) айға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жарты жылда 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу - қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;
2 2) көлемі:
6 000 000 000 (алты миллиард) теңгеден аспайды.