Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет и снятие с учета опасных технических устройств» и признании утратившими силу некоторых приказов Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Бұйрық · № 229 · қабылданған 24.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142222/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет и снятие с учета опасных технических устройств» и признании утратившими силу некоторых приказов Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 229 ·24.04.2020
06.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет и снятие с учета опасных технических устройств» и признании утратившими силу некоторых приказов Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 229 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Постановка на учет и снятие с учета опасных технических устройств» и признании утратившими силу некоторых приказов Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
229
Қабылданған күні
24.04.2020
Көрсетілген редакция
06.12.2021 142222_547468.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020497
ЭКБ идентификаторы
142222
Редакция идентификаторы
142222_547468
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:47

0 Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 24 сәуірі № 229
1-қосымша
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін анықтайды.

2

2. «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерімен және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

3 3. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғының иесі немесе қауіпті техникалық қүрылғыны пайдаланушы ұйымның басшысы:

өнеркәсіптік объектілерде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

1 1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтінішті;

2 2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі.

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беру 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

6 6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

7

7. Жауапты орындаушы бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

8

8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және бір күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді - Қағидаларға 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не дәлелді бас тарту болып табылады және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

11 11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес:

көрсетілетін қызметті берушімен – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12 12. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 «Қауіпті техникалық құрылғыларды

есепке қою және есептен шығару»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 1-қосымша
нысан
[Мемлекеттік органның атауы]
басшысына
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні]
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, мынаны есепке қоюды сұрайды:
Зауыттық (сериялық) №_________________________________________________________________
__________________________________________________________________________ дайындалған
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

2 «Қауіпті техникалық құрылғыларды

есепке қою және есептен шығару»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
нысан
[Мемлекеттік органның атауы]
басшысына
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні]
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, мынаны есептен шығаруды сұрайды:
__________________________________________________________________________________
(қауіпті техникалық құрылғының атауы, типі, түрі, есептен шығару себебі)
Зауыттық (сериялық) №_____________________________________________________________
______________________________________________________________________ дайындалған
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

1.3 Қауіпті техникалық

құрылғыларды есепке қою және
есептен шығару» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
«Қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды есеп­ке қою және есеп­тен шы­ға­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі және аудан­дар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
3 (үш) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (то­лық­тай ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ны есеп­ке қою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ны есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның не оны ал­ма­сты­ра­тын адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және сақ­та­ла­ды
6
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан ме­ме­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) аудан­дар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
3) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) өті­ніш;
2) қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы пас­пор­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның зан­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) осы «Қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды есеп­ке қою және есеп­тен шы­ға­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 8-жо­лын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсын­бау;
2) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де өті­ніш бе­ру­ші мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: «1414», 8 800 080 7777.

4 «Қауіпті техникалық құрылғыларды

есепке қою және есептен шығару»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 4-қосымша
нысан
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
[На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
[Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
Кү­ні: [Бе­рі­л­ген кү­ні]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы]
Нө­мі­рі: [Құ­жат­тың нө­мі­рі]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
ДӘЛЕЛ­ДІ БАС ТАР­ТУ
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы] Сіз­дің [Өті­ніш кү­ні] жы­л­ғы № [Өті­ніш­тің нө­мі­рі] өті­ні­ші­ң­із­ді және қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­рап, Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы қа­ғи­да­лар­дың негі­зін­де [Тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ның ата­уы] [За­уыт­тық (се­ри­я­лық) №] [Дай­ын­дал­ған кү­ні] [Дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың ата­уы] [Дай­ын­да­у­шы ел] есеп­ке қо­ю­дан бас тар­та­ды:
[Бас тар­ту­дың негі­зі]
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
[Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(болған жағ­дай­да), элек­трон­дық
цифр­лық қол­таң­ба­сы]

5 «Қауіпті техникалық құрылғыларды

есепке қою және есептен шығару»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 5-қосымша
нысан
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
[На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
[Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
Нө­мі­рі: [Құ­жат нө­мі­рі]
[Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы]
Өті­ніш нө­мі­рі: [Нө­мі­рі]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
Бе­рі­л­ген кү­ні: [Кү­ні]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы], «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 16 және 77-бап­та­ры­на, «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на және Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы са­ла­лық қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес, қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар тіз­бе­сін ес­ке­ріп, [Тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ның ата­уы] [За­уыт­тық (се­ри­я­лық) №] [Шы­ға­ры­л­ған кү­ні] [Өн­ді­ру­ші за­уыт­тың ата­уы] [Өн­ді­ру­ші ел] қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ның [Есеп­ке қою мер­зі­мі] № [Нө­мі­рі] есеп­ке қой­ы­л­ға­нын ха­бар­лай­ды.
Ес­керт­пе: Қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ны есеп­ке қою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ие­сі қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы есеп­тен шы­ға­ры­л­ған­ға дей­ін бар­лық жұ­мыс ке­зе­ңі ішін­де өн­ді­ру­ші за­уыт­тың пас­пор­ты­мен (төл­құ­жа­ты­мен) сақ­тай­ды.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
[Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(болған жағ­дай­да), элек­трон­дық
цифр­лық қол­таң­ба­сы]

6 «Қауіпті техникалық

құрылғыларды есепке қою және
есептен шығару» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша
нысан
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
[На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
[Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
Нө­мі­рі: [Құ­жат нө­мі­рі]
[Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы]
Өті­ніш нө­мі­рі: [Нө­мі­рі]
[Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
Бе­рі­л­ген кү­ні: [Кү­ні]
[Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы] «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 16 және 77-бап­та­ры­на, «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на және Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы са­ла­лық қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес, қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар тіз­бе­сін ес­ке­ріп, [Тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ның ата­уы] [За­уыт­тық (се­ри­я­лық) №] [Шы­ға­ры­л­ған кү­ні] [Өн­ді­ру­ші за­уыт­тың ата­уы] [Өн­ді­ру­ші ел] қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ның [Есеп­ке қою мер­зі­мі] № [Нө­мі­рі] есеп­тен шы­ға­ры­л­ға­нын ха­бар­лай­ды.
Ес­керт­пе: Қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ны есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ие­сі қа­уіп­ті тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы есеп­тен шы­ға­ры­л­ған­ға дей­ін бар­лық жұ­мыс ке­зе­ңі ішін­де өн­ді­ру­ші­нің пас­пор­ты­мен (төл­құ­жа­ты­мен) сақ­тай­ды.
[Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
[Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(болған жағ­дай­да), элек­трон­дық
цифр­лық қол­таң­ба­сы]

2 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы «___»_________
№ ______ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1) «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 822 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17845 тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

2

2) «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18235 тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3

3) «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 822 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19152 тіркелген, 2018 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қолданыстағы