Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Актюбинской области

Қаулы · № 180 · қабылданған 28.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142269/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Актюбинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 180 ·28.04.2020
10.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Актюбинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 180 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
180
Қабылданған күні
28.04.2020
Көрсетілген редакция
10.03.2021 142269_517634.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20C0007075
ЭКБ идентификаторы
142269
Редакция идентификаторы
142269_517634
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:45

0 Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» және 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 10.1-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздар түрі - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемі – 1 732 126 000 (бір миллиард жеті жүз отыз екі миллион бір жүз жиырма алты мың) теңгеден аспайды;

3 3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қолданыстағы