Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов

Бұйрық · № 424 · қабылданған 28.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142289/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов Қолданыста Бұйрық ·№ 424 ·28.04.2020
28.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов

Қолданыста Бұйрық ·№ 424 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов
Атауы (қаз.)
Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
424
Қабылданған күні
28.04.2020
Көрсетілген редакция
28.04.2020 142289_459147.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020508
ЭКБ идентификаторы
142289
Редакция идентификаторы
142289_459147
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:44

0 Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекіту туралы

«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 7 тармағы және 90-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары- Қаржы министрінің
2020 жылғы 28 сәуірі № 424
бұйрығына қосымша
Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидалары

1 1. Тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 7-тармағына және 90-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) өзгертулер мен толықтырулар енгізуді анықтайды.

2

2. Заңның 71-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы және 89-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес оңалту рәсімін жүргізу барысында тізілімді жүргізу оңалтуды басқарушымен, сондай-ақ банкроттық рәсімін жүргізу барысында тізілімді жүргізу банкроттықты басқарушымен және банкроттықты басқарушының тағайындалуына дейін уақытша басқарушымен жүзеге асырылады.

2 2. Тарау. Тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

3 3. Уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылармен қалыптастырылған тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу келесі жағдайда жүзеге асырылады:

1 1) Заңның 90-бабының 3-тармағымен және 72-бабының 2-тармағымен белгіленген мерзімнен кейін кредитормен талаптарын мәлімдеуі;

2 2) талап соммасын кішірейту туралы кредиторлардан арыздың келіп түсуі;

3 3) кепілді кредиторға кепілге салынған мүлікті заттай беру кезіндегі немесе кепіл затының өткізілуінен түскен соммадан асатын соммадағы кредиторлар талаптарының бар болуы;

4 4) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексімен көзделген тәртіпте кепілдің тоқтатылуы, кепіл затының зақымдалуы, жойылуы;

5 5) кредитордың талап ету құқығының үшінші тұлғаға өтуі (талап ету құқықтарын басқаға берілуі, мұрагерлік) кезінде кредитордың алмастырылуы туралы арыздың келіп түсуі;

6 6) банкроттық рәсімінің жүргізілуі барысында банкроттықты басқарушымен кредиттің алынуы;

7 7) әкімшімен кредиторлардың талаптарының негізсіз қосылу фактілерінің анықталуы нәтижесінде осындай талаптардың алынып тасталуы;

8 8) әкімшімен тізілімге өзгерістер енгізу және талаптарды қосу немесе алып тастау туралы уәкілетті органның талаптарының немесе сот шешімінің шығарылуы;

9 9) заңды тұлғаның қайта құрылуы немесе таратылуы, жеке кәсіпкердің тіркеуден шығуы немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы;

4 4. Осы Қағидалардың 3 тармағында көрсетілген жағдайлардың бар болуын растайтын құжаттар уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушымен келіп түсу күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

5 5. Тізілімге қосылған кредиторлар талаптарының толық немесе бір бөлігінің өтелуі жағдайында қалыптастырылған тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілмейді.

6 6. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау туралы, танымау себептерін көрсете отырып) уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылар шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етуі тиіс.

7

7. Тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылармен қол қойылады, құжаттар «Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Қағидалармен анықталған тәртіпте рәсімделіп қалыптастырылған іске тігіледі.

8 8. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылар өзгертілген немесе толықтырылған тізілімді қалыптастыру күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін, уәкілетті органға жіберуі тиіс.

9 9. Өзгертілген немесе толықтырылған тізілімнің интернет-ресурста орналастырылған күнінен бастап тізілім өзгертілген деп саналады.

Қолданыстағы