Об образовании Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан и некоторых вопросах государственной собственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан и некоторых вопросах государственной собственности
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін құру және мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 253
- Қабылданған күні
- 29.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 142310_675829.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000253
- ЭКБ идентификаторы
- 142310
- Редакция идентификаторы
- 142310_675829
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:42
0 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін
құру және мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дінтану сараптамасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1 1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімде:
мына:
«
13
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
344
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
30
1)
«Дінтану сараптамасы орталығы» РММ
30
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
13
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
340
».
2
3 3. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 225 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ- ы 2019 ж. , № 11-12 109-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласының (бұдан әрі – бағдарлама) жылжыту стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу мен талдауды, азаматтық қоғамдағы процестерді болжауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мемлекеттік жастар мен отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын».
4
4. «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 226 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 11-12, 110-құжат):
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілету, дін саласындағы ахуалды зерделеу, дінтану сараптамасы объектілеріне кешенді сараптаманы ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын танымал ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.».