Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом

Бұйрық · № 432 · қабылданған 29.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142393/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом Қолданыста Бұйрық ·№ 432 ·29.04.2020
29.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом

Қолданыста Бұйрық ·№ 432 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом
Атауы (қаз.)
Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
432
Қабылданған күні
29.04.2020
Көрсетілген редакция
29.04.2020 142393_458738.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020534
ЭКБ идентификаторы
142393
Редакция идентификаторы
142393_458738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:41

0 Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен

өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9482 тіркелген, 2014 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 155 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10689 тіркелген, 2015 жылғы 4 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары- Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 сәуірі № 432
бұйрығына қосымша
Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс – қимылын электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленген және әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ақпараттық- коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе құрамдастар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз етудің техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарының жиынтығы;

2 2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, жинау, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған уәкілетті органның жүйесі;

3 3) жеке кабинет – жүйені пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;

4 4) жүйені пайдаланушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, ұсыну, іздеу және тарату процестеріне қатысатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;

5 5) электрондық құжат – ақпарат (мәліметтер) электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

6 6) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2 2- тарау. Оңалту және банкроттық рәсімдеріне пайдаланушының электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру тәртібі

3 3. Пайдаланушының электрондық тәсілмен уәкілетті органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды пайдаланушының жеке кабинеті арқылы ақпараттық жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.

4 4. Пайдаланушы жеке кабинетке қол жеткізу үшін «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) алады.

5 5. Рұқсатты алғаннан кейін пайдаланушы уәкілетті органға сұраныс жолдап оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізуге қатысты ақпаратты (мәліметтерді) электрондық құжаттар нысанында одан алады.

6 6. Пайдаланушы электрондық құжаттарды ақпараттық-коммуникациялық желі жөніндегі уәкілетті органға оларды тапсыру үшін Заңмен белгіленген мерзімнің соңғы күнінің төрт сағатынан кешіктірмей ұсынады.

7 7. Уәкілетті орган электрондық құжаттардың ақпараттық жүйесі қабылдаған сәттен бастап пайдаланушыға ақпаратты (мәліметтерді) қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарлама жібереді.

8 8. Уәкілетті органның функцияларына ЭЦҚ қойылған пайдаланушыдан электрондық құжатты қабылдау және өңдеу жатады.

9 9. Пайдаланушы:

1 1) уәкілетті органға электрондық құжаттарды ұсынады;

2 2) электрондық құжаттармен алмасу жүргізілетін өзінің жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

3 3) ЭЦҚ жеке жабық кілтінің сақталуын қамтамасыз етеді, оның жоғалуын, ашылуын, бұрмалануын және рұқсатсыз пайдаланылуын болдырмау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды;

4 4) бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзінің ЭЦҚ-ның жабық кілтін рұқсатсыз пайдаланудың немесе бұрмалаудың барлық жағдайлары мен күдігі туралы хабарлайды.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

10

10. Ақпаратты (мәліметтерді) электрондық тәсілмен жасауға және ұсынуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту ақпаратты (мәліметтерді) ұсыну мерзімі басталғанға дейін жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей тұрақты негізде уәкілетті органның интернет – ресурсында тегін орналастырылады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету оны орнату бойынша нұсқаулық материал қосымшасымен ұсынылады.

11 11. Пайдаланушы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дербес жүзеге асырады.

12 12. Пайдаланушы ақпараттық жүйені құрғанға дейін оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін өткізу барысы туралы ақпаратты (мәліметтер) уәкілетті органдар мен өзге де тұлғаларға Заңмен белгіленген тәртіпте береді.

Қолданыстағы