Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций

Бұйрық · № 169 · қабылданған 30.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142462/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций Қолданыста Бұйрық ·№ 169 ·30.04.2020
14.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций

Қолданыста Бұйрық ·№ 169 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций
Атауы (қаз.)
Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
169
Қабылданған күні
30.04.2020
Көрсетілген редакция
14.10.2024 142462_724925.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020554
ЭКБ идентификаторы
142462
Редакция идентификаторы
142462_724925
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:40

0 Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу

қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 445) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары

2020 жылғы 30 сәуірі
№ 169 бұйрығымен
бекітілген
Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 445) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2 2) электр станцияларының тізбесі – «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;

3 3) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы – Заңға сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға, ол тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланады немесе пайдаланатын болады.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

3 3. Заңның 15-7-бабының 2-тармағына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

1 1) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында жаңа электр қуаттары құрылады және 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға беріледі;

2 2) жаңа құрылған электр қуаттарында электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газ пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады;

3 3) жаңа құрылған электр қуаттары қуатты автоматты түрде реттеуге қосылады және реттеу диапазоны белгіленген қуаттан кемінде жиырма пайыз болады.

2 2-тарау. Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу тәртібі

4

4. Заңды тұлға (бұдан әрі – Өтініш беруші) тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін уәкілетті органға жаңа электр қуаттарын автоматты түрде реттеуге қосу талаптарын қамтитын, жүйелік оператордың алынған немесе онымен келісілген техникалық шарттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға өтініш береді.

5 5. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау процесінде олардың толықтығын тексереді.

6 6. Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган оларды пысықтау үшін қайтарады.

7 7. Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуін қарайды.

8

8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда хабарлама дайындайды және қайтару себептерін көрсете отырып, оны өтініш берушіге жібереді.

9 9. Өтініш беруші уәкілетті органның ескертулерін жойғаннан кейін хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта ұсынады.

10 10. Құжаттарды қайта ұсынған кезде уәкілетті орган оларды осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

11 11. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган оған заңды тұлғаны қоса отырып, электр станцияларының тізбесін қалыптастырады және оны Ереженің 15-тармағының 446) тармақшасына сәйкес бекітеді.

12 12. Электр станцияларының бекітілген тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес тоқсанына бір реттен асырмай жүзеге асырады.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

13

13. Жаңа электр қуаттары пайдалануға берілгеннен кейін 10 (он) жыл бойы электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы мен жүйелік оператор арасында жыл сайын шартты жасасудың күнтізбелік жылының алдындағы жыл ішінде жүйелік оператордың осы көрсетілген қызметтерді сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша ұлғайтуға немесе төмендетуге белгіленген қуатынан кемінде жиырма пайыз реттеу диапазонында электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасалады.

14 14. Заңды тұлға жүйелік оператор берген техникалық шарттарға сәйкес электр станциясын жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосуды қамтамасыз етеді.

15 15. Заңды тұлға жүктемеге немесе түсіруге белгіленген қуаттың кемінде жиырма пайызы көлемінде жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станциясын реттеу диапазонын қамтамасыз етеді.

16 16. Жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станциясы 5 минуттан аспайтын уақыт ішінде реттеудің барлық диапазонының өзгеруін қамтамасыз етеді.

17 17. Электр станциясын реттеу диапазоны шегінде генерация қуатының өзгеру циклдерінің саны шектелмейді.

18 18. Жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станциялары генерацияның іс жүзіндегі қуатының талап етілетін шамадан Pном ±1% - дан аспайтын ауытқуын қамтамасыз етеді.

«Рном» мәні деп белгіленген қуат түсініледі.

1 Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізуге арналған өтініш

Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізуге арналған өтініш
Жобаның атауы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
энергия өндіруші ұйымды тізбеге енгізуді сұраймын
Заңды тұлғаның атауы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Құқықтық мәртебесі және меншік түрі:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Құрылтайшылар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Құрылған күні:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекенжай, индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, (кеңсе):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
тел.: ____________
факс: _________
электрондық мекенжайы: _______________
веб-сайт:_________________
Банктік деректемелер, есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктік жеке
коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
_________________________________________________________________
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қызмет түрі:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жұмыс істеушілердің нақты саны: _________________, соның ішінде:
өндірістік қызметкерлер _________________________;
әкімшілік-басқару персоналы _____________________.
Жоба міндетінің сипаттамасы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жаңа электр қуаттарын енгізудің түпкі әсері:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Енгізілген немесе енгізілетін жаңа қуат туралы жалпы ақпарат*

Іс-ша­ра­ның ата­уы
Іс-ша­ра­ның ба­ста­лу кү­ні (айы, жы­лы)
Іс-ша­ра­ның аяқ­та­лу кү­ні (айы, жы­лы)
Құ­ны (млн. тең­ге)
Ен­гі­зі­ле­тін негіз­гі өн­ді­ру­ші жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық па­ра­метр­ле­рі
Бел­гі­лен­ген электр қу­а­ты, (МВт)
Бел­гі­лен­ген жы­лу қу­а­ты, (Гкал / сағ)
1.
Ескертпе:
- кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
Электр станциясының жұмыс параметрлері туралы ақпарат (атауын көрсету)*

Бел­гі­лен­ген қу­ат,
Ор­та­ша жыл­дық қол­да бар қу­ат,
Ма­невр­лік қу­ат кө­ле­мі,
Боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның жос­пар­лы үле­стік шы­ғы­сы**
Электр (МВт)
Жы­лу (Гкал/сағ)
Электр (МВт)
Жы­лу (Гкал/сағ)
(+/- МВт)
Электр энер­ги­я­сы­на (ш.о.г./кВтсағ)
Жы­лу энер­ги­я­сы­на (ш.о.кг./Гкал)
1.
Ескертпе:
- кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.
Электр станциясының көрсеткіштері*

Ке­зең (Жыл)
Жос­пар­лы көр­сет­кіш­тер
Электр стан­ци­я­сы­ның электр энер­ги­я­сын боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның үле­стік шы­ғы­сы­ның мәні (ш.о.г./кВтсағ)
Электр стан­ци­я­сы­ның жы­лу энер­ги­я­сын боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның үле­стік шы­ғы­сы­ның мәні (ш.о.кг./Гкал)
Ен­гі­зі­ле­тін негіз­гі өн­ді­ру­ші жаб­дық­тың қол­да бар электр қу­а­ты­ның мәні (МВт)
Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген негіз­гі өн­ді­ру­ші жаб­дық­тың жұ­мыс іс­теу мер­зі­мі (ке­зең со­ңы жағ­дайы бой­ын­ша қал­ған) (жыл)
Электр стан­ци­я­сы­ның азот ок­сид­те­рі шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның үле­стік мәні (мг/м3)**
Электр стан­ци­я­сы­ның кү­кірт ок­сид­те­рі шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның үле­стік мәні (мг/м3)**
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
** - осы көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып қойылады.
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
МВт - мегаватт;
млн.теңге - миллион теңге;
Гкал/сағ - гигакалория/сағат;
ш.о.г./кВтсағ - шартты отын грамы/кВт*сағат;
ш.о.г./Гкал - шартты отын грамы/ гигакаллория;
ш.о.кг./Гкал - шартты отын килограмы/гигакаллория;
мг/м3 - миллиграмм/текше метр.

Қолданыстағы