Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 177 · қабылданған 04.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142519/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 177 ·04.05.2020
16.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 177 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
177
Қабылданған күні
04.05.2020
Көрсетілген редакция
16.03.2021 142519_513610.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UB005595
ЭКБ идентификаторы
142519
Редакция идентификаторы
142519_513610
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:39

0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2

2. Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы №302 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 3 қазанда №5193 тіркелген және 2019 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Арыс қаласы әкімдігінің
2020 жылғы __________
____________ №______
қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
127
3
4
2.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
232
3
7
3.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
148
3
4
4.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
132
3
4
5.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
109
3
3
6.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
225
3
7
7.
«Қызмет-Сервис-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
2
2
8.
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Арыс аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
870
4
35

Қолданыстағы