О снятии ограничительных мероприятий на территории города Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 04.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2020 142606_459930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20E0000104
- ЭКБ идентификаторы
- 142606
- Редакция идентификаторы
- 142606_459930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:38
0 Шымкент қаласы
аумағында шектеу
іс-шараларын тоқтату туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-1 тармағы 3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 27 наурыздағы №03-12/199 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңа Тұрлан шағын ауданы, Вишневая көшесіне;
2 2) Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы, Ауезов көшесіне;
3 3) Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Достық шағын ауданы, Бірлік көшесіне;
4 4) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Оңтүстік шағын ауданы, Қоғалы көшесіне;
5 5) Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Адырбеков өткеліне қойылған шектеу іс-шаралары құтыру ауруының ошақтарында жұмыстар аяқталуына байланысты тоқтатылсын.
2
2. «Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы №42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №82 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 29 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.