Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 06.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2020 142624_459884.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20M0004204
- ЭКБ идентификаторы
- 142624
- Редакция идентификаторы
- 142624_459884
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:35
0 Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулыларына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының келесідей шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;