Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акимата Карагандинской области

Қаулы · № 29/01 · қабылданған 06.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142635/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акимата Карагандинской области Күшін жойған 18.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акимата Карагандинской области

Күшін жойған Қаулы № 29/01 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг акимата Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29/01
Қабылданған күні
06.05.2020
Көрсетілген редакция
18.08.2026 142635_838119.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20K0005833
ЭКБ идентификаторы
142635
Редакция идентификаторы
142635_838119
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:56
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қарағанды облысы әкімдігінің

мемлекеттік бағалы қағаздар
шығарылымының шарттарын,
көлемін және нысаналы мақсатын
айқындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысының
әкімдігінің 18.08.2026 № 57/02
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың келесі шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты анықталсын:

1) шарттары:

мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылған жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі - төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде айқындалған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық пайызы 6,1 (алты бүтін оннан бір) %;
қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне байланысты 12 (он екі) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз мерзімінің соңында, қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен;

2) көлемі:

51 030 000 000 (елу бір миллиард отыз миллион) теңгеден аспайды;

3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде өңірлерді дамыту.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

3. Қарағанды облысы әкімдігінің «Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.