Құжат мәтініне өту

Об утверждении минимальных государственных нормативов сети детско-юношеских спортивных школ

Бұйрық · № 119 · қабылданған 11.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142711/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении минимальных государственных нормативов сети детско-юношеских спортивных школ Қолданыста Бұйрық ·№ 119 ·11.05.2020
10.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении минимальных государственных нормативов сети детско-юношеских спортивных школ

Қолданыста Бұйрық ·№ 119 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении минимальных государственных нормативов сети детско-юношеских спортивных школ
Атауы (қаз.)
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
11.05.2020
Көрсетілген редакция
10.02.2025 142711_744812.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020617
ЭКБ идентификаторы
142711
Редакция идентификаторы
142711_744812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:34

0 Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 11 мамыры
№ 119
бұйрығымен бекітілген
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің
ең төмен мемлекеттік нормативтері
Республикалық
маңызы бар қала, астана
Облыс
Халық саны 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Халық саны 20-50 мың адамға арналған
1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі,
бұл ретте облыстың әр ауданында кемінде 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Ескертпе:
Жұмыс істеп тұрған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері осы нормативтерді бекіту сәтінде сақталады, жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төменгі деңгейіне дейін жеткізу.

Қолданыстағы