Құжат мәтініне өту

О признании действительными некоторых документов граждан Республики Казахстан и иных лиц, пребывающих на территории Республики Казахстан

Қаулы · № 283 · қабылданған 11.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142720/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О признании действительными некоторых документов граждан Республики Казахстан и иных лиц, пребывающих на территории Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 283 ·11.05.2020
11.05.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании действительными некоторых документов граждан Республики Казахстан и иных лиц, пребывающих на территории Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 283 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании действительными некоторых документов граждан Республики Казахстан и иных лиц, пребывающих на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында болатын өзге де адамдардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
283
Қабылданған күні
11.05.2020
Көрсетілген редакция
11.05.2020 142720_461281.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000283
ЭКБ идентификаторы
142720
Редакция идентификаторы
142720_461281
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:34

0 Қазақстан Республикасы азаматтарының және

Қазақстан Республикасының аумағында болатын өзге де
адамдардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ ол аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде жарамдылық мерзімі өткен немесе мерзімі өтетін мынадай құжаттар көрсетілген кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын:

1 1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар;

2 2) жүргізуші куәліктері, оның ішінде уақытша, міндетті техникалық қарап-тексеруден өту туралы куәліктер;

3 3) азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;

4 4) кіруге және кетуге арналған рұқсаттар (визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттар, еңбекші көшіп келушіге және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсаттар, пана іздеуші адамның куәлігі.

2

2. Төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде он алты жасқа толған және жеке басты куәландыратын құжат алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көрсетілген кезеңде жеке басын куәландыратын негізгі құжат болып табылады деп белгіленсін.

3

3. Виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген, сондай-ақ төтенше жағдай режимінің қолданылу кезеңінде мерзімі өткен Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданған шетелдіктердің Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі төтенше жағдай режимінің қолданылу мерзімі аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күнге ұзартылсын.

4 4. Осы қаулы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы