Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц села Кокпекты Кокпектинского района

Өзге акт · № 1 · қабылданған 28.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142749/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О переименовании улиц села Кокпекты Кокпектинского района Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·28.04.2020
28.04.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц села Кокпекты Кокпектинского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц села Кокпекты Кокпектинского района
Атауы (қаз.)
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
28.04.2020
Көрсетілген редакция
28.04.2020 142749_460787.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VOE07058
ЭКБ идентификаторы
142749
Редакция идентификаторы
142749_460787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:44

0 Көкпекті ауданы Көкпекті ауылының

көшелерінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылдың 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Көкпекті ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көкпекті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көкпекті ауданының Көкпекті ауылы көшелерінің атауы:

1 1) Береговая көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

2 2) Строителей көшесі Нұр-Сұлтан көшесіне;

3 3) Садовая көшесі Қалихан Алтынбаев көшесіне;

4 4) Горная көшесі Бармақ Батыр көшесіне;

5 5) Южная көшесі Құдайберген Нұрғалиев көшесіне;

6 6) Лермонтова көшесі Отыншы Әлжанов көшесіне;

7 7) Весенняя көшесі Хамит Тоқтамышев көшесіне;

8 8) Суворова көшесі Кегенбай Би көшесіне;

9 9) Чапаева көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

10 10) Астана көшесі Ұлы дала елі көшесіне.

2 2. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының «Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары Серик Дуйсембаевич Байсенгировқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы